Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі 2 наурызда өтеді

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 2 наурызда кешке өтеді. Бұл туралы «Суспильный» басылымына президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Келіссөздер бүгін кешке өтеді. Бұл екінші кезең болады. Менің ойымша, бәрі бұрынғыдай қалады. Ештеңе өзгермейді. Біз өз дегенімізде тұрамыз. Құрам да сондай», — деді ол.

 Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, Украина мен Ресей өкілдерінің алғашқы кездесуінде ресейліктердің талаптары өзгеріссіз қалған. Ол — Путин Украинадағы оқиғалар басталғанға дейін айтқан талаптар.

«Қазір келіссөздерге, дипломатияға дайынбыз, бірақ ешқашан ресейлік ультиматумды құптамаймыз», — деді министр.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....