12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, ісшаралар өткізу» қызметі бойынша өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Нұр-Мубарак» университеті жанынан ашылған «Экстремизм мен терроризмге қарсы академияның» директоры, РАНТ мүшесі, теолог Сәкен Салтан Сайранұлы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде болып, сотталғандармен кездесті.

Кездесу барысында «Бейбітшілік – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Өз сөзінде С.Салтан: «Ислам сөзінің өзі — Бейбіт деген мағынаны береді. Қайсыбір дінді алып қарасақ та, біреуге зорлық-зомбылық жасауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезде де Мәдина тұрғындарымен (өзге дін өкілдерімен) тарихта «Мәдиналық конституция» деген атпен қалған келісім шарт жасасып, олармен бейбіт өмір сүрген. Міне, осыдан-ақ Ислам дінінің терроризмді емес, бейбітшілік пен ақиқатты насихаттайтын дін екендігін көруге болады», — деді.

Дәріс соңында сотталған азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...