12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталғандарға жаңа жұмыс орындары ашылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Сотталған азаматтарды еңбекке тарту олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етіп, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта мекеме әкімшілігі жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарын ашу бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгін тағы екі кәсіпкермен кездесу ұйымдастырылып, 20-дан астам сотталғанды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.
Жергілікті “ЕТемір” жеке кәсіпкерлігі темір тор және тікен сымдар өндірумен айналысады, ал екінші кәсіпкер өзіне қарасты көлік жөндеу орталығына техниканың тілін білетін сотталғандарды жұмысқа алуды жоспарлап отыр.Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет капитаны Саягүл Кенжеғұлованың айтуынша қазіргі таңда қала аумағында 19 кәсіпкер сотталған азаматтарды жұмысқа тартып отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш артып, тағы 20 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмысқа орналасқан сотталғандар құрылыс, ағаш өңдеу, металл бұйымдарын жасау, көлік жөндеу сияқты түрлі салада еңбек етуде.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталғандарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге жағдай жасауды көздеп отыр,- дейді әділет капитаны.

20 марта — День национального спорта

Национальные виды спорта стали брендом нашей страны. Казахский народ...

20 наурыз — Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден...

Сотрудники учреждения №65 акмолинского ДУИС провели День национальных игр

20 марта – «Национальный День спорта». Этот праздник призван...