Қызылордада пробация есебіндегі жасөспірімдерге дзюдо күресінің әдіс- тәсілдері үйретілді

Қызылорда қалалық пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – оларды қоғамға пайдалы әрекеттерге тарту, денсаулықтарын нығайту және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Осы бағытта Қызылорда облыстық №5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп, 14-18 жас аралығындағы пробация есебіндегі жасөспірімдерге дзюдо спортын үйрету мақсатында арнайы іс-шара өткізілді. Жаттығу барысында жасөспірімдерге дзюдоның негізгі әдіс-тәсілдері үйретіліп, спорттың тәртіп пен шыдамдылыққа баулитын қырлары таныстырылды.
“Дзюдо тек спорт емес, ол тәртіп пен өз-өзіңе сенімділік сыйлайды. Дзюдоны жақсы көремін, спортпен шұғылданған өте пайдалы. Енді мұнда жиі келіп тұратын боламын. Бізге осындай мүмкіндік берген пробация қызметі мен жаттықтырушыларға алғысым шексіз,-деді есептегі жасөспірім.
Алдағы уақытта Қызылорда қалалық пробация қызметі өз есебіндегі сотталғандар үшін басқа да спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар олардың әлеуметтік ортаға қайта бейімделуіне және салауатты өмір салтын ұстануына көмектесетін маңызды қадам болмақ.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...