Қызылорда тергеу изоляторында бір күнде екі азамат некесін қиды

Қызылорда қаласындағы 68 мекемеде ерекше оқиға орын алды – бір күнде екі азамат заңды түрде некесін қидырды. Олар осы уақытқа дейін азаматтық некеде өмір сүріп келген, ал енді өз қарым-қатынастарын ресми түрде рәсімдеуді жөн санаған.

Некесін қиған сотталғандардың бірі – ортақ балалары бар екенін және отбасының оны күтіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, заңды түрде неке қию – болашаққа сенімді қадам жасаудың бір жолы. «Отбасы – кез келген адам үшін басты құндылық. Біз осы шешім арқылы түзелу жолына түсіп, отбасымыздың болашағы үшін дұрыс қадам жасауды ұйғардық», – деді сотталған азамат.
Қалалық АХАТ бөлімінің мамандары мекемеге арнайы келіп, неке қию рәсімін өткізіп, жаңадан отау құрған жандарға неке куәліктерін табыстады. Бұл шара сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне, қоғаммен байланысын сақтауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Мекеме заңгері Гүлмира Қарашаева бұл рәсімнің өтуіне тікелей атсалысып, сотталғандарға құқықтық кеңес берді. Жаңадан отбасын құрған азаматтар мекеме заңгеріне алғысын білдіріп, заңды некенің олардың өміріне оң әсер ететініне сенім білдірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...