Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар мекенжайларынан тексерілді

Қызылорда қалалық пробация қызметі Қызылорда қалалық прокуратурасы және жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарды тексеру мақсатында ауқымды іс-шара бастады. Тексеру шарасы 2025 жылдың 24 қаңтарынан бастап барлық аймақтар бойынша жүргізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың сотпен жүктелген міндеттерін орындауын қадағалау және олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркелгенін тексеру. Пробация есебіндегі 100 сотталғанның мекенжайы тексерілді. 1 сотталған соттың жүктеген міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Ал 5 сотталғанның тұрғылықты мекенжайда тіркеуде болмауына байланысты ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қабылданды. 6 сотталғанға алдағы уақытта тіркеуге тұру қажеттігі ескертілді.
Сотталғандарға жаза өтеу тәртібі мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қолға алынды.
Пробация қызметінің сотталғандарды қадағалау және олардың әлеуметтік қайта бейімделуіне көмектесу бағытындағы жұмыстары жалғасатын болады.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...