Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасы құндылықтарын нығайту – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс мәселелер. Осы бағытта жүзеге асырылып келе жатқан Tatulyq.kz әлеуметтік жобасының 2026 жылғы жұмыс қорытындысы Астанада өткен брифингте таныстырылды.

Жоба аясында жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері мен салдарын түсіндіруге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасындағы қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілген. Ақпараттық материалдар әзірленіп, арнайы науқандар ұйымдастырылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жастармен кездесулер өткізіліп, отбасындағы жауапкершілік, өзара сыйластық пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебектің айтуынша, қоғамда отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет.

«Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылып келеді. Биыл екінші жылдық жұмысымызды қорытындылап отырмыз. Қазіргі таңда отбасы құндылықтарының әлсіреуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан орын алып жатқан қайғылы оқиғалар, әсіресе әйелдер өлімі қоғамды алаңдатады. Сондықтан алдын алу шараларына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Негізгі мақсатымыз – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық қолдау көрсету және отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру. Осы бағытта жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еліміздің бірқатар қаласында болдық. Оқу орындарында кездесулер мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырдық», – деді ол.

Брифингте бұқаралық ақпарат құралдарының да бұл мәселеге назар аударудағы рөлі атап өтілді. Өйткені зорлық-зомбылық туралы ашық айту, оның салдарын түсіндіру және құқықтық ақпараттың қолжетімді болуы қоғамдағы көзқарастың өзгеруіне ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тек тиісті органдардың жұмысы емес. Бұл – әрбір азаматтың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ жауапкершілігі.

Брифинг соңында жобаның 2026 жылы қол жеткізген негізгі көрсеткіштері таныстырылып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды.

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...

ВАЖНЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ

РАВНЫЙ ДОСТУП К ОБРАЗОВАНИЮ СЕГОДНЯ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ПОКАЗАТЕЛЬ ЗРЕЛОСТИ...

ПРИЗВАНИЕ – СЛУЖИТЬ ОБЩЕСТВУ И ГОСУДАРСТВУ

(К 80-летию Михаила Федоровича Малахова) В обществе всегда занимают особое...