Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстарға қарамастан жаза өтеу мерзімінде сот жүктеген міндеттерді орындамай жүрген сотталғандар да бар.Солардың бірі Ұрлық бабымен пробациялық бақылау белгіленген Т.есімді азамат. Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Самрат Спановтың айтуынша ол азамат сот белгіленген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсетіп келген.

Сонымен қатар, ол белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге бірнеше рет себепсіз келмей қалған, тексеру кезінде мекен жайында болмаған. Одан бөлек, оған әкімшілік хаттама толтырылған»,- дейді пробация қызметінің инспекторы .Сотталған азаматтың жоғарыда аталған заңбұзушылықтарына сәйкес, пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.

Сот шешімімен, оның бас бостандығын шектеу түріндегі 10 ай 26 күн өтелмеген жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.Қаулы заңды күшіне енбеген.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...