12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді медиация тіртібімен реттеу

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алға қойған реформаларының бірі — соттардың жүктемесін азайту, мүмкіндігінше істерді бейбіт жолмен, бітімгершілікпен шешу.

Осыған орай, қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге қызықтыруға, қоғамдағы шиеленістерді азайтуға, төмендетуге оң ықпал ететін «Медиация туралы» заңы қарқынды жалғасуда.

Жалпы, тараптар арасында туындаған дауды шешудің ең жақсы, тиімді тәсілі — дауды медиация тәртібінде, бітімгершілікпен шешу екендігі мәлім.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен (әрі қарай – ҚК), Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексімен (әрі қарай – ҚПК), Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексімен (әрі қарай – АПК), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (әрі қарай – АК), Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (әрі қарай – ӘРПК) және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (әрі қарай – ӘҚБтК) қарастырылған.

Тараптар сотқа жүгінген уақытта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік, әкімшілік рәсімдік істерді өндіріске қабылдау және қарау кезінде де жүргізіліп жатқан өндірістің кез-келген сатысында келісіммен аяқтай алады. Сонымен қатар, медиация арқылы тараптардың татуласуы судьяларға түсетін жүктеменің де төмендеуіне әсерін тигізетіні анық.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар арасындағы дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласу жолымен реттелген келісімді білдіреді.

Келісім ҚПК-мен көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын немесе оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады. Ал дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.

Әрине, медиацияны қылмыстық істердің барлық санатына қолдануға жатпайтынын ескеру қажет, яғни онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолдануға бо­лады.

Мысалы, егер тараптар арасында дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізілсе татуластырушы судья тараптар қол қойған келісімді бекітіп, сот ұйғарымын шығарып, іс тоқтатылады.

Өкінішке орай, қазіргі таңда қоғамымызда жасөспірімдер арасында да қылмыстар, әкімшілік құқықбұзушылық көп орын алуда. Мәселен, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2024 жылы барлығы 48 қылмыстық іс, 58 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істер қаралса, оның ішінде 15 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен сотталушының татуласуларына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Яғни, сотталушы жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

Жалпы, тәжірибеге сүйенсек, кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды, түсінбейді, жеткілікті ұқпайды. Сол себептен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүріс-тұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын және ашық түрде сөйлесіп, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы абзал.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Ералыұлы Байназаров

Ортақ мүлікті бөлу ерекшеліктері

Қандай да болмасын даумен сотқа жүгінген азаматтардың даулары тек...

Сотрудники УИС выразили благодарность матери за воспитание достойного поколения

В области Абай администрация учреждения №19 поздравила маму примерного...

Опыт цифровой трансформации

Состоялась встреча в рамках рабочей поездки в и развития...

ҚАЖ қызметкерлері саналы ұрпақ тәрбиелеген анаға алғыс білдірді

Абай облысында №19 мекеменің әкімшілігі, «Алғыс айту күні» қарсаңында...

Политика мира и взаимопонимания 

Действия нашего государства и народа направлены на мирное сосуществование...