Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар сот саласының тәуелсіздігін қамтамасыз етумен бірге, азаматтардың құқықтары мен бостандығының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуына кепіл болады. Соңғы жылдары соттардың тәуелсіздігін нығайту, азаматтардың әділ сотқа қолжетімділігін арттыру, олардың құқықтарын қорғау бағытында біршама жаңашылдықтар орын алды.

Солардың бастысы судьялар тәуелсіздігін одан әрі күшейтуді көздейді. Осы мақсатта судьяларды іріктеу мен олардың қызметтік өсуіне қатысты мәселелер Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне берілді. Сондай-ақ, соттар әкімшілігі сот төрелігін жүзеге асырудан бөлініп, соттарды қаржыландырудың кепілді жүйесі енгізілді.

Қазіргі таңда Азаматтық кодексті жаңарту мәселесі талқылануда. Өйткені, цифрлық экономика, жасанды интеллект, жаңа мүліктік қатынастар қалыптасуы азаматтық заңнаманы жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Мұны еліміздің құқықтық жүйесін заман талабына сәйкестендірудегі маңызды бастама ретінде бағалауға болады.

Елімізде жұмыс істегеніне бес жылдан аса уақыт болған әкімшілік әділет институтының маңызы ерекше. Бүгінде әкімшілік соттарда азаматтар құқығының қорғалуы жоғары деңгейге жеткенін ресми мәліметтер растайды. Яғни,  азаматтар мен мемлекет арасындағы құқықтық теңгерім жақсарды. Сот бақылауының жоғары көрсеткішін қылмыстық процестегі статистика да  байқатады. Ресми деректерге жүгінсек, осы жылдың сегіз айында қамауға санкция беру туралы өтініштердің тең жартысынан астамын соттар жіті қарап, қанағаттандырмаған. Әрі аталған мерзімде 211 адамға қатысты ақтау үкімдері шыққан. Бұл соттардың айыптау тарапынан ұсынылған дәлелдерге дербес баға берумен қатар, қарапайым халықтың құқығын қорғауда нақты бақылау тетігі ретінде жұмыс істейтінін көрсетеді.

Сот төрелігінің сапасын арттыруда дербес кассациялық соттар айрықша орын алады. Кассациялық соттар сот актілерін қайта қараудың дербес деңгейін қалыптастыруда деуге толық негіз бар. Сот реформалары, атап айтқанда, сот тәуелсіздігі, әкімшілік әділет, сот бақылауы және дербес кассация, т.б. азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтеді.

Бүгінде сот төрелігін цифрландырудың маңызы артты. Ақпараттық технологиялар нәтижесінде енгізілген электрондық сервистер сотқа деген қолжетімділікті жеңілдетіп, сот процестерін онлайн өткізуге жол ашты. Цифрландыру сот ісін жүргізудің ашықтығын арттырумен қатар уақытты үнемдеуге, сондай-ақ, қағазбастылықты, адами факторды азайтуға мүмкіндік берді.

Негізінен сот реформалары кәсіби әрі білікті судьялар корпусын қалыптастырумен тікелей байланысты. Өйткені, кәсіби маманның жұмысы мен жауапкершілігін ештеңе де алмастыра алмайды.

Жалпы айтқанда, сот реформалары нәтижесіз емес, ол елдің күнделікті өмірінен де көрінуде. Қарапайым мысал, қазіргі таңда азаматтар сот ғимаратына келмей-ақ сотқа жүгініп, өз құқықтарын қорғай алады. Соттар өз қызметтерінде заң талаптарын басшылыққа алып, бейтарап әрі әділ шешім қабылдайды.

Соттар тарапынан әрқашан да заңға адалдық, кәсібилік және әділдік талап етіледі. Осы талаптардың мүлтіксіз сақталуы азаматтардың соттарға деген сенімін нық қалыптастырады. Ал сенім сот төрелігінің тиімділігін бағалайтын ең маңызды көрсеткіштің көшбасшысы іспетті.

Заңнамаларды жетілдіру, сот практикасын дамыту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру сынды жұмыстар ешқашан да өзектілігін жоймайды. Әрі бұл бағыттағы реформалар жүйелі түрде жалғаса береді.

 Марат Ибрагимов,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

«Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобасы...

Вред алкоголя: что происходит с организмом на самом деле

Алкоголь давно стал частью культуры, праздников и отдыха. Многие...

Алкогольдің зияны: ағзада шын мәнінде не болады?

ЖАННА НҰРБЕРГЕН Астана медицина университеті академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми...