12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыстың алдын алу

Жедел кеңестің шешіміне сәйкес, Сарыарқа аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу мақсатында 2024 жылғы 11 сәуірінде Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция департаментінің ғимаратында «Тәуекел тобындағы» сотталғандар арасында жиналыс өткізді. Аталған іс-шарада Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген, сотталған адамның қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасауының салдары туралы бейнеролик, сондай-ақ 14.02.2024 ж. сотталған А.Михеевтің қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәжіліс залында өткен бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру бойынша сот отырысының бейнеролигі көрсетілді.

Сонымен қатар Сарыарқа аудандық пробация қызыметінің психологы сотталғандардың мінез-құлқын, темпераментін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді. Ал Астана қалалық полиция басқармасының Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында...

Келес аудандық пробация қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын...

Қақпа алдында кездесу

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...