Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Қордай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Қордай аудандық пробация қызметі, Қордай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторлары мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтардың сот жүктеген шектеулерді сақтауын қадағалау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Бұл шара азаматтардың заң талаптарына сай тәртіпті ұстануын бақылап, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған. Іс-шара барысында азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына тексеру жүргізілді.

Бұл бастаманың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп, пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық тәртіпке бейімділігі мен қадағалау деңгейі тұрақты бақылауға алынады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...