12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құмарлық ойыны – заман қасіреті

Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылғаны баршаға аян. Мемлекет басшысы басқосу барысында осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойынға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды. «Кейінгі жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылары үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы кеңес отырысының қорытындысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды жүктеді.

Бұл тақырып бүгінде өзекті, ол «Лудомания» туралы. Лудомания латын тілінен аударғанда «Лудо» – «ойнау», «мания» – «әуестік, құштарлық» деген мағынаны білдіреді, бір сөзбен айтқанда ойынқұмарлық.

Бұл тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр.

Жасыратыны жоқ, бүгінде адал еңбек етіп, бейнеттің берекесіне бөленудің орнына ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп қалтасын қампайтқысы келетіндердің қатары көбейген. Бәс тігуден алдына жан салмайтын мұндайлар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың торына түсіп, тапқан-таянғанын «желге ұшырып» жатыр. Рас, «тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің». Бірақ, бүгінгі «ойыншылар» құмарлықты тәуекелмен яки игі іспен шатастырып алғандай. Олай дейтініміз, отызында орда бұзбақ түгілі, қырығында қамал ала алмайтын масыл, бойкүйез буын өсіп келеді. Осыдан-ақ, құмарлық әрекеті әлеуметтік мәселеге айналғанын аңғара беріңіз. Ендеше, бұл мәселеге бұдан әрі көз жұма қарауға әсте болмайды. Еңбекқор әрі ұстамды, нәпсісін тыя алатын ертеңгі ел жастарын тәрбиелегіміз келсе, қоғам болып қозғау салатын уақыт жетті.

Естеріңізде болса, былтыр Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының тұрғыны сондағы «Лото» клубын өртеп жіберген болатын. Ол өз сөзінде 20 жылда 200 миллион теңге ұтылғанын және ойын алаңдары өмірін ойран еткенін айтты. Жігіт ағасы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында да өзі туралы мәлімет жариялаған болатын. «Сол ақшаға бір нан алмайсың, иә бала-шағаңа бұйырмайды. Астыма көлік, басыма баспана алған жоқпын. Үйім жоқ. Қор болдым. Тепсе темір үзетін қаншама нар жігіттер осыдан қор болып жүр. Қаншама отбасы бұзылды. Қаншама адам қарызданып, өз- өзіне қол жұмсап жатыр. Менің де өзіме қол жұмсаған кездерім болды. Ал, енді мына Бейнеудегі лотоны өртемеске болмады. Ауылымызда осыдан басқа жын-ойнақ жоқ. Мен ешқандай жауапкершіліктен қашпаймын. Адамдардан алған барлық ақшам осы азарт ойындарға кетті. Ауылдың азаматтары, ауыл жастары мен сияқты қор болмасын. Осы өртенгеннен кейін қайта аша қоймас деп ойлаймын. Әрбір істеген ісімді көтеремін. Ауылдарыңда осындай бәлелер ашық болса, шама келгенше иелеріне барып түсіндіріңдер. Бұл азарт ойыннан ешкім ұтпайды. Баршадан кешірім сұраймын», – деп жазба қалдырды. Міне, атпалдай азамат ойнаған ойынның ақыры осы жағдаймен түйінделді. Әрине, екі он жылдықта 200 миллион теңгені желге ұшырып жіберген адамды бұрын-соңды кездестірмеген боларсыз. Десе де, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады-ақ. Мәселен, бірнеше жыл бұрын «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Жуалы аудандық филиалының бір қызметкері опасыз ойынның кесірінен опық жеді. Көп уақыт өтпей жас жігіттің заңсыз әрекеті әшкере болып, сенімге селкеу түсірген банк қызметкері түрмеге тоғытылған еді. Ал, жақында спорттық құмар ойындар салдарынан қарызға батқан Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған. 47 жастағы ер адам кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кетеді. Оқыс оқиға орнына жедел барған тәртіп сақшылары «Тосқауыл» жоспары негізінде әрекет етіп, тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс орнатады. Нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды. Бүгінде осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. «Жауап алу барысында ұсталған азамат құқыққа қайшы жасалған әрекетіне өкініп, мұндай мәжбүрлі, үмітсіз қадамға спорттық құмар ойындар салдарынан ұтылысқа ұшырағаны және кезінде осындай құмар ойындар үшін алған 5 несие бойынша жинақталған қарыздарға байланысты барғанын айтып түсіндірді. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», – делінген өңірлік полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда біздің елде құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады екен. Ал, бір ойыншының орташа қарызы 10 миллион теңгені құрайды. Әрине, бұл аз ақша емес. Халық саны небәрі 20 миллионға жуық елімізде құмар ойынның кесірінен қарызға батқандардың көбейе түсуі көңілге кірбің ұялатады. Себебі, бұл көрсеткіш жыл санап артпаса, кемімейді. Иә, қалтадағы қаражатты көбейтіп, оңай олжаға кенелгісі келетіндер батпаққа белшесінен батқанын кеш білетіні өкінішті-ақ. Кездейсоқ жетістік пен бос үмітке тәуелді олар қолындағы ақшасының құмдай сусып кететінін дер кезінде аңғармайды. Осыдан соң, «амалсыздан» қылмысқа баруға мәжбүр. Психолог Аделя Оспанның айтуынша, көп адамның ойынға әуестенуі балалық шағында ата- анасымен қарым-қатынас кезіндегі келіспеушіліктердің салдарынан туындайды. Ең жақын адамдарымен сырласпайтын жас жеткіншек бойын ойын арқылы бір сәтке болса да жағымсыз жайттардан аулақ салдым деп тұжырымдайды. «Күйзеліс, депре ссия, жанды жегідей жеген жалғыздық, үрей мен қорқыныш өскелең ұрпақтың санасына әсер етпей қоймайтыны белгілі. Медицина мен психологияда мұны аурудың бір түрі деп есептейді. Яғни, «лудомания» деп атайды. Әке- шешесінің ұрыс-керісінен қажыған бала не істерін білмей, күн ұзаққа бақылаусыз жүруі оның шалыс басуына әкеп соғады. Мәселен, қарапайым ғана карта ойынының да құмарлыққа ұласып, кейін өкінішке соқтыру қаупі жоғары. Картаның жетегіне еріп, жетесіздікке бой алдырғандардың саны күн сайын көбею үстінде. Уақыт өте карта ойнап, құмары қанбайтындар түрлі ойынханалардың босағасын жағалайды. Казино біреулердің қа лт асын қа лыңдатқанымен, тиісінше өзгелерді көк тиынсыз қалдырып жатыр. Сондықтан, бұл мәселеге отбасы – ошақ қасында да жіті мән берген дұрыс. Өйткені, балаңыз құмар ойынның құрығына бір іліксе, аман алып қалуыңыз неғайбыл», – дейді маман. Атап өтерлігі, құмар ойын бизне сімен айна лыс атындар салық төлемдері арқылы бюджетті де қаржыландырып отырғаны ақиқат.

Шын мәнінде, біздің елде Көкшетау мен Алматыдан 70 шақырым қашықтықтағы Д.Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласында ғана ресми түрде жұмыс атқаруға рұқсат берілген. Бірақ, заңсыз бағытта құмар ойынның өзге де түрлерін таратып, қалтаға түсіп қана қоймай, келушілердің өмірін өкінішке айналдырғандар қаншама?! Әріге бармай-ақ, облыс орталығындағы қаптаған букмекерлерден көз сүрінеді. Жалпы, Қазақстан букмекерлер және тотализаторлар ұйымының құрамына 30-дай букмекерлік кеңсе тіркелген. Кейбір деректер бойынша елімізде бұл бизнес саласында шамамен 30 миллиард теңге айналымда жүргені белгілі болды. Негізі, букмекерлік кеңсе қызметіне біздің елде рұқсат етілген. Оны ашу үшін керекті құжаттарды жинап, жауапты министрлікке тапсыру керек және лицензия алу құнын төлесеңіз жеткілікті. Тіпті, бұл орталықтарға қолжетімділік арта түскені соншалық, ұялы телефон арқылы да ұтыс тігуге мүмкіндік бар. Ал, бұл ойын аппараттары мен орталықтар қаншалықты бақылауда? Мұны ешкім де дөп басып айта алмайды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне 2023 жылғы 2 қарашада «Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну» деген мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптарға байланысты.

Қаламыздың әр бұрышында букмекерлік кеңселер салынып, саны жыл санап артып келеді. Осының салдарынан оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан жастарымыз көбеюде. Бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде жаның ашитыны анық. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Ал, еліміздегі жастарымыздың бұл дертке шалдығуының себебі не?

Алайда құмар ойынның жетегінде кеткен жандар үшін оңай жолмен ақша табатын букмекерлік кеңселер бүгінгі қоғамдағы қайратсыз азаматтарымыздың жұмыс орны болып алғандай. Осындай жайттарға қарап отырып, болашағымыз үшін де аландаймыз. 

Жалпы бұл бізге басқа елден келген жат қылық. Яғни бұл жастардың өзгеге еліктеушілігі болып табылады. Өзгеге еліктеймін деп лудомания дертіне жастарымыз шалдықпасын!

Бұл дерт туралы отбасымызда, дастархан басында балаларға, жастарымызға айтып, алдын-алып отырғанымыз жөн деп ойлаймын.

Себебі ата-ананың, үлкендердің айтқан сөзі әрдайым баланың жадында сақталып, жаман әрекетке барудан сақтайды деп сенемін.

Кенесов Бекмырза Алиұлы, Ақтөбе қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...