Құлсарылық 146 оқушы оқу-сауықтыру лагерінде демалуда

ҚР оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары «Балдәурен» оқу- сауықтыру лагерінде демалуда. 4 мамырдан бастап, барлығы 20 күнге 146 оқушы демалыс лагеріне аттанды.

«Қазіргі уақытта оқушылар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалуда әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны аталған демалыс орынға жіберу жоспарлануда» дейді Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының м.а Гүлжансара Қалиқызы.

Сондай-ақ, жаз айларында эвакуацияланған және су тасқынынан зардап шеккен отбасының балаларына көңіл бөлу, қамқорлық жасау мақсатында қалған оқушыларды да оқу-сауықтыру, демалу лагеріне жіберіледі.

Атап өтерлігі, оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...