ҚР ДП ҚС және АЕА жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департамент бойынша прокурорымен кездесу туралы

24 сәуірде ҚР ДП ҚС және АЕА прокуроры Гюнтер Ольга Борисовна Астана қаласы Алматы ауданы бойынша пробация қызметінің инспекторларымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың және ұсталғандардың, қамаудағылардың және сотталғандардың саусақ іздерін алудың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы», сондай-ақ сотталғандарды пробация қызметіне есепке қою туралы хабарламаны толтыру тәртібі мен дұрыстығы түсіндірілді.

Астана қаласы «Алматы» ауданының басшылығын қосқанда барлығы он жеті инспектор қатысқан болатын. Айта кету керек, мұндай жұмыс кездесулері Астана қаласы бойынша ҚР ДП ҚС және АЕА өкілдерімен тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Департаментінің прокурорларымен өткізілетін осындай жұмыс кездесулерінің негізгі мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың арнайы есебін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібін анықтау.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...