ҚАЖД басшылығы соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерді құттықтады

Ардагерлерді құрметтеу — ҚАЖ жүйесінде дәстүрге айналған игі шаралардың бірі.

Жеңіс Күні қарсаңында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы мен Алматы қаласы ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі істер министрінің құттықтауын соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерге тапсырды.

ІІМ басшысы полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов өзінің құттықтау хатында отставкадағы подполковник Виктор Кириллович Купраненковты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, ұзақ өмір тіледі.

«Өткен соғыстағы жеңіс — тарихи күн. Бұл мереке Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымызды қорғағандарға арналған. Біз Отанды қорғаған адамдардың ерлігі мен жанқиярлығын әрдайым есте ұстап, тағзым етуіміз міндет», — деп атап өтті ҚАЖ ардагері Ерғали Сағалбаев.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...