ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттардың колонияға өтуінің алдын алды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №12 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына жеткізу әрекетін тоқтатты.

Оқиға сотталғандарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында орын алды. Қызметкерлердің назарын, сәлемдемелердің бірінде болған қысқы аяқ киімдер аударды. Мұқият тексеру кезінде етіктің ішіндегі ұлтарақ астынан түйіншектер табылды.  Ерекше иісі бар жасыл түсті зат полиэтилен пакетке салынып, скотчпен тығыз оралған болды. Табылған күдікті түйіншектер тәркіленді.

«Қазіргі уақытта тәркіленген заттың құрамын анықтау үшін сараптама жүргізілуде, сондай-ақ оны жеткізу әрекетінің мән-жайлары мен қатысы бар адамдар анықталынуда Бұл жағдай Алматы және Жетісу облыстары бойынша мекемелердегі күн сайын тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ететін ҚАЖ қызметкерлерінің дайындығы мен жауапкершілігінің жоғары деңгейінде екендігін растайды», — деп атап өтті Департамент басшысы Рысбек Тұрғымбаев.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...