ҚАЖ мекемесі бастығының кубогы ойнатылуда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде Ұлы Отан соғысының 79 жылдығына орай сотталғандар арасында спорттық сайыс өтуде.
Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу бойынша сайысқа түсуде. Басты сыйлық — мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуовтың кубогы.

«Бүгін жазасын өтеушілер арасында бірнеше спорт түрлерінен сайыс өтуде. Бұл жерде әр жасақтан топ құралып, қатысушылар бар ерік-жігерлерін жинап, күш сынасып жатқанын байқауға болады. Сайыс екі күнге жоспарланғандықтан нәтижесі ертең белгілі болады», – деді тәрбие бөлімі бастығы Мағжан Әбдімажитов.

Сотталған азаматтар мерекеге орай спорттық сайыс өтіп жатқанына ризашылығын білдіруде.

“Ашық аспан астында Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа “V B” жасағының атынан қатысып жатырмын. Мекеме бастығының кубогын жеңіп алу үшін барымызды салудамыз”, — деді жазасын өтеуші азамат.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...