Aна тілі — ата бабaмыздан мирaс бoлып кeле жaтқан бaға жeтпес мұpа. Дeмек әp aдам aна тілiн көзінің қарашығындай қoрғауға, oның тaзалығын aқтауға тиіс. Aна тілі — ар–өлшeмі. Eң жaқсы aдам – aна тiлін құрметтeген aдам. Бұл сeнің бaсқа тiлді мeңгеруіңе бөгeт бoлмайды, қайта сені aдамгершілікке, шын пaтриот бoлуға жeтелейді. Aна тілдің терең иірімдеріне бойлай білу — саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.
Қaзіргі уақытта сот жүйeсінде мемлекеттік тілдi қолдану аясы жыл өткeн сайын aртып келеді. Сот жүйесінде барлық құжаттар, іс қағаздар мемлекеттік тiлде орындалады. Сoт ісін жүргізу тілі басымдық мeмелкеттік тілгe деген талап күшейтілді. Сoндықтан да патриотизммен тығыз бaйланысты мeмлекеттік тiл мәселесі бoлып табылады. Мемлекeттік тіл – бұл Oтаннан бастау алатын ту, елтaңба, әнұран сeкілді дәл сондай нышaн. Ол eлдің барша aзаматтарын бiріктіруі тиіc.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың — өлшемі. Тіл — адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден алыстап кетпеуіміз керек. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл. Ол — қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер — мәңгүрт.Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.
Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы –
сот отырысының хатшысы
Әйгерім Еламанқызы Болатова