12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында такси қызметтеріне сұраныс рекорд көрсеткішке жетті. Бұл кезеңде такси арқылы 20,6 миллион жолаушы қатынаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DataHub деректеріне сүйене отырып.

Қаңтар және ақпан ерекше табысты болған, әр айда шамамен 10 миллион жолаушы тасымалданған. Мұндай тренд 2024 жылдың аяғынан бері сақталып келеді. Ол кезде ай сайынғы тасымал көлемі 7 миллионнан асып түскен болатын.

Әдетте, такси қызметтеріне сұраныс маусымдық өзгерістерге байланысты: ең жоғары көрсеткіштер желтоқсанда тіркеліп, қаңтарда төмендейді. Алайда, графикте мұндай тұрақты маусымдық өзгерістердің байқалмайтыны көрсетілген.

Такси арқылы қатынаған жолаушылар саны арнайы формула бойынша есептеледі. Бұл формула бір адамның есептік кезең ішінде бірнеше рет такси қызметін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Дегенмен, нақты сапар санын анықтау қиын, себебі қазіргі уақытта таксиде жолаушыларды есептейтін арнайы құрылғылар орнатылмаған.

5 шілдеден бастап заңсыз ағаш немесе бұта кескендерге айыппұл салынады

5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

Неке тіркеу статистикасы: қай ай көш бастап тұр?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, бұл айда 16,9 мың неке қиылған.

Алматыда қандала неге қаптап кетті? Маман түсіндірді

Алматыда жөке (ағаш) қандалаларының жаппай таралуына қарсы жүйелі түрде биологиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қытай толассыз жауын-шашынға байланысты тағы ескерту жариялады

Қытайда толассыз жауын-шашын салдарынан болған жойқын су тасқындарынан кейін тағы ескерту жарияланды.

Оплот Независимости и гарант развития страны

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА – ВЕРХОВНЫЙ ГЛАВНОКОМАНДУЮЩИЙ ВООРУЖЕННЫМИ СИЛАМИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ XI МЕЖДУНАРОДНОГО ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО СБОРА МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН».