Қытай толассыз жауын-шашынға байланысты тағы ескерту жариялады

Қытайда толассыз жауын-шашын салдарынан болған жойқын су тасқындарынан кейін тағы ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық қызметі 29 маусымда елдің кейбір аймақтарында нөсер жауынға байланысты «сары» деңгейлі ескерту жасады.

«Ұлттық метеорологиялық орталықтың (ҰМО) болжамы бойынша, жексенбіде сағат 08:00-ден дүйсенбі сағат 08:00-ге дейін Сычуань, Ганьсу, Шэньси, Хубэй, Чжэцзян, Фуцзянь, Аньхой, Цзянсу, Шаньдун, Хэбэй, Ляонин провинцияларында және Чунцин қаласында нөсер жауады», – делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, Сычуань ойпатының кейбір бөліктерінде жауын-шашын мөлшері тәулігіне 300 миллиметрден асады.

«ҰМО жергілікті билікке су тасқынына дайын болуды және қалалар мен ауыл шаруашылығы алқаптарында шаралар қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар, таулы аймақтардағы сел, геологиялық апаттар мен шағын және орта өзендердегі тасқын сияқты қосалқы табиғи апаттарға да сақ болу қажеті айтылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Жунцзян уезінде су тасқынына байланысты қауіп деңгейі ең жоғары деңгейге дейін көтерілді.

«Гуйчжоу провинциясындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) Жунцзян уезінде күшті су тасқыны тағы қайталанып, жергілікті билік ең жоғары деңгейдегі төтенше әрекет режимін енгізуге мәжбүр болды», – делінген хабарламада.

Қазір жергілікті билік су тасқынынан зардап шеккен аудандардан тұрғындарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялауды жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Қытайда ауа райына қатысты ескерту жүйесі төрт деңгейден тұрады: ең жоғарғы деңгей – қызыл түс, одан кейін – қызғылт сары, сары және көк түстер.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...