Алматыда қандала неге қаптап кетті? Маман түсіндірді

Алматыда жөке (ағаш) қандалаларының жаппай таралуына қарсы жүйелі түрде биологиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, шаралар күн сайын таңертең және түнде адам мен жануарлар үшін қауіпсіз биологиялық құралдарды қолдану арқылы іске асырылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басқарма өкілдері қандалалар санының күрт артуын биыл ауа райының ерекше құбылыстарымен байланыстырады. Көктемнің салқындығынан кейін температураның күрт 35 градусқа дейін көтерілуі бұл жәндіктердің белсенді көбеюіне қолайлы орта қалыптастырған. Әсіресе санитарлық кесу жүргізілмеген аумақтарда қандалалардың шоғырлануы айқын байқалады. Ал орталық көшелерде алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізілгендіктен, мұндай жағдайлар тіркелмеген.

Жиенбаев атындағы Қазақ ҒЗИ бөлімінің жетекшісі Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, мұндай жағдай санитарлық кесу шектеулі жүргізілетін аумақтарда жиі кездеседі.

«Көктемнің ұзаққа созылған салқыны мен артынша ауа температурасының күрт 35 градусқа дейін көтерілуі – жөке немесе ағаш қандаласы секілді жәндіктердің көбеюіне өте қолайлы жағдай. Халық арасында оларды «сасық қандала» деп атайды, себебі олармен жанасқанда жағымсыз иіс шығарады. Олар негізінен аула аумақтарында көбейеді, өйткені тұрғындардың санитарлық кесуге келіспеуінен мұндай шаралар сирек өткізіледі. Мұндай жерлерде ошақтар пайда болады. Ал орталық көшелерде карағаштар өссе де, биоөңдеу жүйелі жүргізілетіндіктен мұндай жаппай таралу жоқ», — деді маман.

Нұржан Мұхамадиев бұл жәндіктердің адам мен қоршаған ортаға қауіпті емес екенін, бірақ белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Олар карағаштың тұқымымен қоректенеді, жапырақтар мен бұталарда мекендейді. Олармен күрес үшін эвкалипт майы, торлар, дихлофос сияқты құралдарды қолдануға болады. Аула ішінде құстарды тарту үшін құс ұяларын орнату ұсынылады. Бұл жәндіктермен қоректенетін құстарды көбейтеді. Сонымен қатар, Алматы сияқты ірі қалаларда көгалдандырудың заманауи тәсілдері химиялық құралдарды кеңінен қолдануды шектейді, өйткені бұл пайдалы жәндіктер мен топырақ тепе-теңдігіне зиян келтіруі мүмкін», — деді ол.

Басқарманың мәліметінше, 2025 жылы биологиялық өңдеу жұмыстары төрт кезеңде жүргізіледі:
• бірінші кезең — сәуір айында аяқталды;
• екінші кезең — 1–30 маусым аралығы;
• үшінші кезең — 5 шілдеден 5 тамызға дейін;
• соңғы кезең — 15 тамыз бен 20 қыркүйек аралығы.

Биыл сәуірден бастап жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тұрғындардан түскен 2 мыңға жуық өтініш қаралды. Бірінші кезеңде қала аумағындағы 2,3 миллионнан астам жасыл желек тексерілді.

Қазір аула ішіндегі жасыл желектерді тексеру және өңдеу жұмыстары күшейтілуде. Бұл шаралар нәтижесінде тұрғындардан келіп түсетін шағымдар саны азайды.

Басқарма өкілдері жөке қандалалары жұқпалы аурулар таратпайтынын, адамды шақпайтынын және аллергия туғызбайтынын еске салады. Аула аумағын таза ұстау, масахана торларын орнату және қажет болған жағдайда табиғи репелленттерді қолдану ұсынылады.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...