Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

Қыстың соңғы айы аяқталып, көктем жақындап келе жатыр. Көктемнің алғашқы айы наурызда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.

2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.

Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз — демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні.

Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қалай демалады?

Наурыз — жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалыс;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері — 21, 22, 23 және 24 наурыз, ал сейсенбі, 25 наурыз — жұмыс күні.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.

Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады? 

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр.

Кімдер автоматты түрде зейнетақы алады: БЖЗҚ түсіндірді 

Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.