Кімдер автоматты түрде зейнетақы алады: БЖЗҚ түсіндірді 

Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды. 2026 жылғы наурыздан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз, яғни проактивті тәртіпте жүзеге асыруды енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жаңашылдыққа сәйкес, егер азаматтың ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинағы болса, ол зейнеткерлік жасқа жеткен кезде БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде төлем ала бастайды.

Төлемдер қандай жағдайда автоматты түрде тағайындалады?

ЕЗЖ есебінен төлемдер келесі жағдайларда автоматты түрде рәсімделеді:

  • мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны тағайындау кезінде;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде.

Яғни азамат негізгі зейнетақы төлемдерін рәсімдеген сәтте, ерікті жарналар есебінен жиналған қаражат та қатар ескеріліп, автоматты түрде төленеді.

Төлем қалай жүргізіледі?

БЖЗҚ мәліметінше, төлем тәртібі жинақ сомасына байланысты болады:

  • егер жинақ көлемі ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, қаражат біржолғы төлем ретінде беріледі;
  • егер жинақ бұл сомадан асып кетсе, онда төлемдер міндетті жарналар есебінен берілетін зейнетақымен бірге ай сайын, жинақ толық таусылғанға дейін төленеді.

2026 жылы біржолғы төлемге шекті сома – 828 588 теңге.

Төлем тәртібін өзгертуге бола ма?

Иә. Қажет болған жағдайда алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.

Бұл тәртіп кімдерге қатысты?

Проактивті төлем тәртібі:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен,
  • бірақ осы уақытқа дейін ЕЗЖ есебінен төлем алуға жүгінбеген азаматтарға қолданылады.

Оның ішінде:

  • 50 жасқа толған азаматтар,
  • мүгедектігі бар адамдар да осы санатқа кіреді.

Кімдер төлемді өз бетінше рәсімдей алады?

50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өздері де рәсімдей алады. Ол үшін:

  • enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке,
  • БЖЗҚ мобильді қосымшасына,
  • немесе Қордың бөлімшелеріне жүгінуге болады.

Жаңа тәртіп не үшін енгізілді?

Бұл өзгеріс:

  • төлем алу үдерісін жеңілдетуге,
  • азаматтардың жинақтарының пайдаланылмай қалу қаупін азайтуға бағытталған.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.