Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады? 

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр. Бұл бағыт Энергетика министрлігінің басым міндеттерінің бірі саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба аясында жүзеге асырылатын негізгі нысандар:

  • Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
  • Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1100 МВт);
  • Қарағанды, Өскемен және Шахтинск ЖЭО-ларын кеңейту;
  • Топар ГРЭС-ін жаңғырту;
  • Балқаш пен Жезқазған ЖЭО-ларында турбоагрегат енгізу;
  • Согра және Степногорск ЖЭО-ларын жаңғырту;
  • «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт қосымша электр қуаты енгізіледі. Бұл электр станцияларының тиімділігін арттырып, олардың қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толғанына назар...

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы жаңа ереже бойынша бақыланады 

Құрылыс материалдарының бағасы жаңа ереже бойынша бақыланады, ал мемлекеттік жобаларды жеке авторлық шарттар жасамай-ақ пайдалануға болады. Қазақстанда Жоғары аудиторлық палатаның аудитінен кейін бірқатар шара жүзеге асырылды.

Қазақстан құрамасы үшін Көшпенділер ойындарының алғашқы күні қалай өтті? 

Қазақстан құрамасы сапында 42 спорт түрінен 152 спортшы бақ сынап жатыр.

2027 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК қанша болады? 

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді өзгерту ұсынылып отыр.

eGov жаңа қызметін іске қосты: Жақындарыңыз ауруханаға түскеніңізді бірден біледі 

Ауруханаға шұғыл түскен жағдайда жақындарыңызға SMS арқылы хабар беретін жаңа сервис іске қосылды.