ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады. Бұл туралы аталған елдердің қаржы министрлері Брюссельге жолдаған хатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұсыныс жанармай бағасының өсуіне және Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан тұтынушыларға түсіп отырған қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Министрлердің айтуынша, ұлттық деңгейдегі шаралармен қатар, ЕО аясында бірлескен шешім қабылдау қажет.

Олардың пікірінше, мұнай бағасының қымбаттауы экономикаға қысым түсіріп отыр, сондықтан бұл ауыртпалықты әділ бөлу маңызды. Осындай ортақ шара азаматтар мен бизнеске Еуроодақтың бірлесіп әрекет ете алатынын көрсетеді.

Қазіргі таңда Еуропада жанармай бағасы айтарлықтай өскен. Мәселен, Италияда бензиннің орташа бағасы литріне 1,77 еуро, ал дизель 2,13 еуроға жеткен. Германияда да ұқсас жағдай байқалады.

Сарапшылардың дерегінше, дизель отынының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 30%-дан астамға қымбаттаған. Бағаның өсуі халықаралық шиеленіс пен салық саясатының өзгеруімен байланысты.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...