12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тарихына қатысты тағы бір құнды еңбек жарық көрді

114 жылы бұрын Германияда жарық көрген «Қазақтар мен түркмендер арасында» деген құнды еңбек қазақ тіліне аударылып, AmalBooks баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Оның авторы неміс этнографы, саяхатшы Рихард Карутц. Бұл баспагер Бақытжан Бұқарбайдың «Таза тарих» сериясы бойынша басып шығарған оныншы кітабы болып отыр.

«Біз «Таза тарих» сериясы бойынша архив деректерімен жұмыс жасаймыз. Бар дүниені жалпы халыққа қолжетімді етеміз. Р.Карутцтың бұл кітабы 1910 жылы Германияда неміс тілінде шыққан. Келесі жылы бұл кітап Ресейде орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылып шыққанмен, содан кейін қайта шықпаған екен. Біз үшін еуропалық этнографтың қазаққа қатысты жазған кітабы түпнұсқалығымен қызықты болды. Өйткені шетелдік ғалым қазақ жерін алғаш рет көріп, бұл еңбегін онда алған әсерлері бойынша жазып отыр», – дейді баспагер Бақытжан Бұқарбай.

Оның айтуынша, бұған дейін деушілердің көмегімен Ахмет Кенесарыұлының «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық», Годфри Лайастың «Аспантау асқан көш», Нельсон Феллдің «Русия һәм көшпелілер» деген еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке, ал «Жанқожа батыр толғауын» қазақ тілінде кітап етіп басып шығарған болатын.

«Қазақтар мен түркмендер арасында» кітабының авторы Рихард Карутц Маңғышлақ түбегіне 1903 және 1909 жылдары саяхат жасап келген екен. Маңғыстауда қазақтар баяғыдан бері қоныстанғанын білмесе керек. Бастапқыда ол түркмендерді зерттегісі келген. Қазақтар туралы білген соң, оларға да ғылыми қызығушылығы оянады. Неміс ғалымының бұл еңбегі ғылым үшін жаңалық болмағанмен, жалпы көпшілікке аса таныс емес.  Оны Кеңес Рақышевтың қолдауымен AmalBooks баспасы орыс тілінде қайта басып шығарған еді. Биыл Айдос Тосқанбаевтың демеушілігімен алғаш рет қазақшаға аударылып, жеке кітап болып басылып отыр.

Автор 1910 жылғы кітабының кіріспесінде: «Түркмендердің бәрі Маңғышлақтан шыққан». Мервте жүріп, осы сөзді естігелі мен сол өлкеге, осынау қызық халықтың шыққан жеріне баруға бел будым. … 1903 жылы жазда әлгі ниетіме жеттім. Рас, өзім күткеннен әлдеқайда басқа жағдайларға тап болдым. Түркмендер ғана емес, қазақ халқының өкілдеріне ұшырастым, бірақ бұл тосын жағдай, кейін аңдағанымдай, этнологиялық зерттеулерімнің пайдасына шешілді, – тап сол қазақтар арасында жинаған деректерім саяхатымның қорытындысын жариялауға себеп болды», – деп жазады. «Маңғышлаққа сапар», «Түркмендер мен қазақтар», «Ауыл мен киіз үй», «Дүниеге келу және балалық шақ», «Үйлену тойы және неке», «Ауру-сырқаулар және өлім», «Наным-сенімдер туралы», «Қазақ өрнегі», «Мың бір түн» деп аталатын тоғыз тараудан тұратын бұл кітапта ғалым бәрін тәпіштеп жазып, тіпті сипаттайтын дүниесін аса дәлдікпен ерінбей қолмен салып, фотосуреттерді де барынша кеңінен қолданған. Сондықтан зерттеушілер әлі күнге дейін қазақ ою-өрнектеріне қатысты ғылыми еңбектерінде әрдайым Рихард Карутцқа сілтеме жасап жүр. Оның «бұл өлкеден этнограф атаулы әлі талай қызықты табарына сене отырып және менің жинаған деректерім әрі қарай тереңірек зерттеулер жүргізуге арқау болар деген үмітпен назарға ұсынамын» деген сөзі әлі өзінің өзектілігін жоймай отыр. Егер былтыр қайта басылып шыққан орыс тіліндегі нұсқасы «Меломанның» рейтингі бойынша Қазақстанда ең көп сұранысқа ие кітаптардың бірі болғанын ескерсек, қазақшасы одан асып түспесе, кем болмайды деген үміт бар.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Заң мен тәртіп: Астанада жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 150 бұзушылық анықталды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу...

Закон и порядок: в Астане провели профессионально-правовую консультацию для молодежи

В столице прошло мероприятие консультационного характера «Начни порядок с...

«Заң және тәртіп: Астанада жастарға кәсіби-құқықтық кеңес берілді»

Елордада «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кеңес беру іс-шарасы өтті,...

Тұрақты қалалар мен елді мекендер мақсаты іске асуда

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі болып табылатын 11-мақсат –...

Су мәселесі – жалпыадамзаттық проблема

Су – тіршілік көзі. Адамзаттың өмірі мен дамуы тікелей...