«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»тақырыбында республикалық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелері, белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысты. Еліміздің барлық өңірінен тіл саясатына жауапты мамандар мен білім басқармаларының өкілдері онлайн форматта қосылды.

Жиында ғылым, білім, технология, тіл саясаты және цифрлық даму салалары талқыланып, мемлекеттік тілдің заманауи ғылыми-цифрлық кеңістіктегі орны мен мүмкіндіктері қарастырылды. 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыруға арналған «TTS» (Text-to-Speech) жобасын таныстырды. Бұл бастама қазақ тілінің дыбыстық қорын жасанды интеллект экожүйесіне енгізіп, оны ғылым мен технология саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Қазақша дыбыс моделі халықаралық Hugging Face платформасында жарияланады.

Конференция аясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесе отырып, «Ұлттық диктант» жобасын ресми түрде бастады. Жобаның мақсаты – жазу мәдениетін дамыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту. Диктант офлайн және онлайн форматта өткізіледі, оған кез келген азамат қатыса алады.

Конференцияның ресми бөлігі аяқталған соң қатысушылардың барлығы «Ұлттық диктантқа» қатысты. Диктантты белгілі диктор Қымбат Досжан жүргізді. Диктант мәтіні қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан таңдалды. Қатысушыларға баға қойылмайды, әркім өз сауаттылығын өзі тексереді.

Онлайн диктантты www.til.kz платформасындағы «Ұлттық диктант» парақшасында кез келген уақытта кез келген жерде жазуға болады. Қатысушыларға электронды алғыс хат пен KITAP платформасына тегін жазылым беріледі. 

«Ұлттық диктант» қорытындысы жыл соңына дейін жарияланып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. 

Анықтама:

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 1989 жылы 22 қыркүйекте құрылған. Ол қазақ тілін дамытуға ынталы тіл жанашырларын біріктіретін Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру, қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, тілді қолдану мен оны үйретуде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану бағыттарында қызмет атқарады.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...