Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды

Қазалы ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ерекше қайырымдылық іс-шара өтті. Бұл игі бастаманы «Сауал» қоғамдық бірлестігі мен Қазалы аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Шара аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың 15 баласына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Әр бүлдіршінге арнайы дайындалған тәттілер жиынтығы ұсынылып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйланды. Мұндай игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, мереке күндерінде балалардың жүздеріне күлкі ұялату.

Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Бірі өлең айтып, бірі би биледі. Жаңа жылда балаларына ерекше көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға ата-аналары алғыстарын айтты.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...