Қанша алматылық мопедін тіркеуге қойды?

Алматыда мың мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының әкімшілік полициясы мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады: олар көлік құралының тіркеу нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

«Сонымен қатар мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

5 сәуірден кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және «А1» санатты жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.

Жаза: 10 АЕК, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.

Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады? 

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр.

Кімдер автоматты түрде зейнетақы алады: БЖЗҚ түсіндірді 

Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.