Қайырымдылық жасау — қанымызда бар қасиет

Қасиетті Рамазан айында ҚР ІІМ ҚАЖК Астана қаласы бойынша ҚАЖД Қауіпсіздігі барынша төмен № 3 мекемесінің қызметкерлері көп балалы аналарға, мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын жасады.

Қазір әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, бармен бөлісіп, қуанышты көңіл күй сыйлап жатсақ нұр үстіне нұр болар еді деген мақстапен Мекеме қызметкерлері көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Оларға Мекеме атынан алғашқы қажетті азық-түлік, жеміс-жидек, балаларға тәттілер табыстады.

Өз кезегінеде отбасы мүшелері Мекеме қызметкерлеріне көрсетілген назар үшін көп алғысын білдіріп, жұмыста зор жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...