Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, медиаменеджер Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның анасы танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиажобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Айта кетейік, кеше, 27 наурызда Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Ол 53 жаста еді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.

Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады? 

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр.

Кімдер автоматты түрде зейнетақы алады: БЖЗҚ түсіндірді 

Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.