Полиция қатарына қосыл

«Отан үшін отқа түс – күймейсің» бұл халық қаһарманы Бауыржан Момыш­ұлы әрбір адамның туған елін, жерін қорғауы міндетін айтты. Отанды қорғау ер азаматтың парызы саналады. Айбарлы Ата Заңымызда да «Қа­зақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылған. Ер – елдің қорғаны. Әрбір азамат өз елінің патриоты болып, жерін қорғауға қауқарлы болуы керек.
Бүгінде білім де, жігерлі полиция қызметкеріне сұраныс жоғары. Сабыр мен қажыр-қайратты, қырағылық пен шапшаңдықты, тез шешім қабылдауды қажет ететін қасиеттерге ие полиция қызметкерлері жұмысқа шақырылады. Олардың ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса біліп, мәдениеттілік сақтауы аса маңызды.
ІІМ көліктегі полиция департаментінің Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі бос лауазымдарға және кіші басшы құрамға орналасуға конкурс жариялайды. Патрульдік полиция тобының полицейі болу үшін кандидаттарға қойылатын жалпы талап, 35 жастан аспаған, бойы 165 см-ден төмен емес, орта және тиісті арнайы білімі бар, дене шынықтырумен даярланған ҚР ҚМ ВТШ әскери қызметінен немесе әскери дайындалған резервтің әскери даярлығынан өткен немесе әскери қызметке жарамды деп танылған, бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскерге шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Үміткерлерден құжаттар қабылдауға Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі 9 А, мекен-жайында орналасқан, Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімі дайын. Байланыс телефоны: 8 (716-2) 29-34-566 29-37-0666 факс (76-30-32) Тек, «Мен полиция боламын!» деген жігерлі жігіттер болса жеткілікті.

Фариза ПРИМЖАРОВА
Көкшетау станциясындағы
Желілік полиция бөлімінің
кадр саясаты тобының инспекторы

Заңгер мәдениеті-әділет пен жауапкершіліктің өлшемі

Қазіргі қоғамда заңгер мамандығына қойылатын талап күн санап артып...

Болашақ заңгер мәдениеті

Құқық саласы – қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігінің кепілі. Бұл...

АДАЛДЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, мемлекет...

Инвестиция в будущее страны

ИЗВЕСТНО, ЧТО 1 ИЮНЯ В КАЗАХСТАНЕ ТРАДИЦИОННО ОТМЕЧАЕТСЯ МЕЖДУНАРОДНЫЙ...

Эволюция судебной системы в контексте новой Конституции 

Конституционная реформа 2026 года, одобренная на общенациональном референдуме 15...