Полицейлер ұялы телефон ұрлаған Қызылорда облысының тұрғынын анықтады

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Әйел адамның айтуынша, үйінің ішіндегі жатын бөлмесінде тұрған «Айфон 12» және «Айфон 13» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Қызылорда облысының тұрғыны анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті жігіт Түлкібас ауданына туыстарының тойына келген. Содан күдікті тойдан шығып, жергілікті тұрғынның үйіне байқатпай кіріп, ұрлыққа түскен. Яғни оңай жолмен олжалы болуды көздеген қызылордалық тұрғын ұрлаған ұялы телефондарды қолды қылған. Осыдан соң бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ОДИН ДЕНЬ ПОЛИЦЕЙСКОГО: 10 ЛЕТ СЛУЖБЫ, ПОСВЯЩЁННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ

Каждый рабочий день инспектора службы батальона патрульной полиции Департамента...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: 10 ЖЫЛ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция батальонының қызмет...

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін...

ТАҢҒЫ 7:00-ДЕН ҚЫЗМЕТ СОҢЫНА ДЕЙІН: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫНЫҢ БІР КҮНІ

Таңғы уақыт. Бір шаңырақта екі полицей қызметке дайындалады. Бірі...

ОПМ «Правопорядок»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...