Полицейлер есірткі тасымалдап жүрген бұрын сотты болған ер адамды анықтады

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстар атқарады.

Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның қол сөмкесінен жасыл түсті полиэтилен пакетке салынған 2 дана сіріңке қорабын тапты. Ішінде есірткіге ұқсас өсімдік жапырақтарын айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» есірткісі болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің бұған дейін де сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...