Полицейлер апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады

Кентау қалалық полиция бөліміне апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдердің айтуынша, олардың танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 225 000 теңге алып беремін» — деп, сеніміне кіріп, әрқайсысынан 130 000 теңгеден ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы түрлі сылтау айтып, созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты кентаулық полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде сезіктінің жүрген жері анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушінің бірімен әріптес болған. Сондықтан алаяқ жібірленушінің сеніміне оңай кіріп, теріс пиғылын іске асырған. Ол таныстарынан алған ақшаны бас пайдасы үшін жаратып жібергені. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және түрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес береді. Барлық іс-әрекетті заңды түрде жасауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...