«Пианистің ісі»

         Шілде айының соңында «AлматыГаз» авариялық қызметіне Гоголь көшесіндегі №122 үш қабатты тұрғын үйден газ иісінің шығуы туралы хабарлама түсті. Хабарлаған тұрғынның айтуынша, 45-пәтерден өткір иіс шығып жатыр. Көршілер есікті қаққанымен, ешкім жауап бермейді. Авариялық бригада келгенге дейін тұрғындар сырттағы газ вентилін жауып үлгерген.

         Оқиға орнына келген газ қызметінің мамандары екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіруді жөн көреді. Өйткені кіреберістегі металл есік құлыптаулы болатын. Ұшқыннан газ жарылысы орын алуы мүмкін деген қауіпке байланысты есікті бұрыштық тегістеуішпен (болгаркамен) кесіп ашу тым қауіпті деп саналды. Қорғаныш маскасын киген қызметкерлердің бірі балконға көтеріліп, балтамен терезе әйнегін сындырып, ішке кіріп кетті. Бір минутқа жетер-жетпес уақыттан кейін терезеден қолын бұлғап, содан кейін маскасын шешіп әріптестеріне: – Жедел жәрдем шақырыңдар! Іштегі әйел тұншығып қалыпты… – деп айқайлады. Жиналған жұрт гу ете қалды.

– Бұл қырық бесінші пәтердегі Гүлнар ғой. Соңғы кездері көңіл-күйі болмай жүргенін байқап едім, – деді шашы ағарған қарт әйел. – Газды  өшіруді ұмытып, ұйықтап қалды ма екен, – деді  жанында тұрған ер адам. – Жүрегі ұстап қалды ма екен. Қыста ота жасатқан болатын, – деді тағы біреуі. Көршілердің бұл әңгімесін «жедел жәрдем» көлігінің сиренасы бөліп жіберді. Газ қызметінің мамандары пәтердің темір есігін бірден аша алмады. Іштегі адам кілттер шоғырынан қажеттісін таба алмағандықтан, құлыпты бұзып ашуға тура келді. Пәтер ішін газдың өткір иісі кернеп кеткен еді. Бетперде таққан медицина қызметкерлері зембілмен ішке асыға кірді. Қонақ бөлмедегі диванда түрлі-түсті үй халатын киген қарт әйел шалқасынан жатыр екен.

         Алмалы ауданында жалғыз тұратын қарт әйелдің газға улану дерегі тіркелгені хабарланғанда, подполковник Абылай Қайсенов бұл оқиғаны тергеу тобын басқару өзіне жүктеледі деп мүлдем ойламаған еді. Ол өзінің қызметтік жолында тұрмыстық жағдайдағы кездейсоқ улану оқиғасына мұндай деңгейде ден қойылғанын бұрын-соңды көрмеген еді. Шамамен үш аптадан кейін Ішкі істер министрі селекторлық кеңес барысында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысына сөгіс жариялады. Бас Прокурор да өз баяндамасында газбен улану салдарынан адам өліміне әкеп соққан бұл оқиға ерекше атап өтті. Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қылмыстық-процестік кодексті бұза отырып, алдын ала тексеруді тек формальды түрде жүргізіп, қылмыстық істі жауып тастаған деп сөкті. Қайтыс болған зейнеткер қарапайым адам емес, танымал пианисші,  түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері Гүлнар Сәдуова болып шықты. Бұл оқиғаның әлеуметтік желілердегі қызу талқылануының себебі бір жыл бұрын зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны болған екен. Сондықтан генерал: «Егер бұл істі ашпасақ, мансабыма нүкте қойылады», – деді істі Абылайға тапсырған кезде.

         Жедел жоспарды әзірлемес бұрын Абылай материалдармен толық танысып шықты. Оған қарағанда өздерін ҰҚК және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар әлеуметтік желі арқылы жалғызбасты зейнеткердің сеніміне кірген. Олар әйелді интернет-алаяқтарды ұстау бойынша құқық қорғау органдарына көмектесу қажеттігіне сендірген. Оны иландыру арқылы, үш бөлмелі пәтерін нарықтық құнынан төмен отыз миллион теңгеге сатуға көндірген. Ал оны сатып алған  ерлі-зайыпты Жапаровтар  әйелдің өз пәтерін алаяқтардың нұсқауымен сатқанынан бейхабар болған. Олар бұл жайлы тек пәтерге көшуге келгенде ғана біледі. Сол кезде Сәдуова алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, Алмалы аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірген. Алайда ұзаққа созылған сот процестерінен кейін ол өз баспанасынан айырылып қалады. Мұндай психологиялық ауыртпалыққа кез келген адамның, тіпті болаттай берік жүйкесі бар жанның да төтеп бере алуы екіталай деуге болады. Ал бұл жағдайда жәбірленуші – денсаулығы нашар, жалғызілікті қарт әйел.

         Пәтерді сатуға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдарын  Алмалы аудандық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесі жүргізген. Алайда тергеушілер күдіктілерді анықтай алмай, іс тоқтап қалады. Сонымен қатар, Жапаровтар  Сәдуованы  пәтерден шығару туралы талап-арыз түсіріп, Алмалы аудандық соты Жапаровтардың  пайдасына шешім шығарған. Кейін қалалық соттың апелляциялық алқасы аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған сәтте қайғылы оқиға орын алады.

         Улану оқиғасына қатысты полицияның әрекетіне келсек: Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында тонау белгілері анықталмаған. Үй иесінің барлық құнды заттары мен зергерлік бұйымдары орнында болады. Пәтерден үй иесінінен өзге адамның саусақ іздері табылмайды. Мәйітті тексеру кезінде жүргізілген сот-медициналық сараптама денеде ешқандай жарақат жоқ деп көрсетті. Сараптама бойынша Гүлнар Сәдуова өлімінің ықтимал себебі – тұрмыстық  газбен улану салдарынан тыныс алудың тоқтауы (асфиксия).

          Іс материалдарынан подполковник Қайсенов тергеу жұмыстарының үстірт жүргізілгенін байқады. Мәселен, пәтер есігінің төменгі құлпына арналған кілттің табылмағаны ешкімнің назарын аудармаған. Тағы бір маңызды дерек сараптамада әйелдің өкпесінен тұрмыстық газдың ізі табылмаған. Бұл сот-медициналық сараптама қорытындысына күмән тудырады. Пәтерден шығаруға қатысты азаматтық іс бойынша баспананы сатып алған Жапаровтар жұбы да жауапқа тартылмаған.

         Зейнеткердің алаяқтармен WhatsApp арқылы келіссөз жүргізген диалогының мазмұны да айқын, әрі қарапайым. Белгісіз тұлғалар пәтерді қайтарып, сатып алушыға ақшасын кері қайтаруға уәде берген. Абылай зейнеткердің бұл айла-шарғыға оңай алданғанына таңғалды. Ол телефонның арғы жағындағы адамды бұрыннан танитындай сөйлескен. Оның сөздері алдын-ала жаттап алынғандай естілді. Ол ақшаны  банк шотына салдырудың орнына курьерден қолма-қол алуға келісім берген.  Алаяқтармен хат алмасу барысында пәтерге қатысты ешқандай алаңдаушылық немесе күдік білдірмейді.  

Топ мүшелерін кабинетіне жинаған соң, Қайсенов әрқайсысына нақты тапсырмалар берді. Сәдуованың жеке компьютеріндегі қатқыл дискінің мазмұны мен оның ұялы телефонын тексеруден өткізу; банктер мен қаржы мекемелеріне сауалдар жолдау. Сондай-ақ бұрын назардан тыс қалған куәгерлерді, атап айтқанда Жапаровтарды қайта тергеуді тапсырды. Отағасы отставкадағы полиция қызметкері. Оның арызында Сәдуова  мен алаяқтардың арасында байланыс болуы мүмкін деген нұсқа бар. Оның неліктен бұлай ойлайтынын білу керек?  Зейнеткерді алаяқтар өздері тапты ма, әлде біреу бағыт-бағдар берді ме?

         Киберқылмыспен күрес бөлімшесінің қызметкерлері жәбірленуші Сәдуованың телефонындағы WhatsApp бейнежазбасының өңделгенін, ал дыбыстың кейінірек өзгертіліп үстінен жазылғанын хабарлады. Алайда ең маңыздысы бұл емес еді. Барлық фотосуреттер мен бейнежазбаларды қарап отырып Абылай кенеттен жәбірленушідегі гауһар тасты сырғалардың жоқ екенін байқап қалды. Сот залындағы бейнежазбада айыпталушы Сәдуова  сол сырғаларды тағып жүргені көрінеді.

Азаматтық іс бойынша Мақашеваның өкілі болып табылатын куәгер жауап алу кезінде өз қорғауындағы адамның үнемі сырға тағып жүретінін айтты. Алайда пәтердегі мәйітті тексеру кезінде түсірілген бейнежазбада марқұмның сырғасыз болғаны көрінеді. Сонымен қатар, ұсақ тастары бар сол сырғалар Сәдуованың пәтерін тексеру барысында жасалған заттар тізімінде көрсетілмеген. Қосымша сұрау алу барысында «АлматыГаз» бен медициналық қызмет мамандары ешқандай сырға көрмегендерін және бұл жайтқа назар аудармағандарын мәлімдеді. Полиция қызметкерлеріне күдік келтіруге ешқандай негіз жоқ.

         Осыдан мынадай қорытынды шығады: егер барлық қызметкерге күмән келтіруге негіз болмаса, онда қылмысты яғни, тұншықтырып өлтіруді бөгде адам жасаған. Ол Сәдуоваға жақсы таныс болған соң  пәтерге өз еркімен кіргізген. Тергеушілердің кіреберіс есіктің екінші кілтін таппауының себебі де осымен түсіндіріледі. Шамасы, қылмыскер қарт әйелді тұншықтырып өлтіргеннен кейін, есікті сырттан кілттеп кеткен. Сондай-ақ ол марқұмның құлағындағы сырғаларын шешіп алған. Олардың екеу болуы да әбден мүмкін. Демек, күдіктіні пианисші Сәдуованың өз айналасынан іздеуіміз керек. Сөйтіп, енді ескеретін жаңа жайттар пайда болды.

         Арада ай өтті. Алаяқтық пен қасақана улауға қатысты қылмыстық істер біріктіріліп, «пианисшінің ісі» деп аталған біртұтас іске айналды. Тергеушілер зейнеткер Сәдуованың барлық байланыстарын тексеріп, әрбір куәгерден жауап алды. Олар ұялы телефонына түскен және одан шыққан барлық қоңырауларды мұқият саралап, пәтер сату ісіне қатысы жоқ адамдарды күдіктілер қатарынан алып тастады. Алайда маңызды бір дерек анықталды. Қайтыс болардан біраз уақыт бұрын жәбірленуші бір адаммен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескен. Нөмір «бір реттік», яғни бұрыннан қайтыс болып кеткен адамның атына тіркелгені белгілі болды. Сол телефоннан соңғы қоңырау дәл қайғылы оқиға болған күні шалынған. Кейіннен ұялы телефон өшірілген. Сірә, SIM-карта лақтырып тасталған болуы керек. Сонда Сәдуова кімге және не үшін қоңырау шалды деген сұрақ туындайды. Бұл «кеңесші» болуы мүмкін бе? Әрине, бұл нөмірдің «жалған» болғаны анық.

         Кибербөлімшедегі IT-мамандар зейнеткер алаяқтардың назарына іліккен сәттен бастап жасалған барлық қоңырауды тексеріп шықты. Сөйтіп компьютерлік жүйе мынадай нәтижелерді көрсетті: интернеттегі алаяқтармен байланысқа түспес бұрын Сәдуова жастық шақтағы досы Жұмаевпен телефон арқылы жиі сөйлесіп, WhatsApp желісінде хабарлама алмасып тұрған. Олар кезінде музыка мектебінде бірге оқыған екен. Еркек бас-гитарада, ал әйел кілтті аспаптарда ойнап, бір ансамбльде өнер көрсеткен.

         Қайсеновке мына жағдай оғаш көрінді. Оның көптен бергі құрбысы алаяқтардың құрбаны болғаннан кейін Жұмаев байланысты бірден үзіп тастайды. Ол әйелге бірде-бір рет қоңырау шалмады және оның жағдайына ешқандай қызығушылық танытпады. Сәдуова да байланысты доғарды. Пәтерден айрылған Сәдуова Жапаровты  бас киім киген егде жастағы бейтаныс ер адаммен көргенін есіне алған. Ресми баяндамада көрсетілгендей, полиция қызметкері әлгі адамның жүріс-тұрысына қарап, оның қылмыстық ортаға қатысы бар екенін аңғарған. «Менменсіген жүріс және көзге түсерліктей тәкаппар кейіп», – ол бейтаныс адамды осылай сипаттаған.        Бұл бейтаныс адам шын мәнінде «кеңесші» болып табылатын Жұмаев болуы әбден мүмкін. Ескі достың көзге түспеуді жөн көріп, бұрынғы құрбысымен байланысты бір реттік телефон арқылы сақтап тұруы да ғажап емес.

         Олар дерекқордан бұл «кеңесшіні» тез тапты. Ол құқық қорғау органдарына бұрыннан таныс,  карта ойындарына әуес 72 жастағы Жұмаев есімді азамат болып шықты. Ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 302-бабы (есірткі тұтынатын орынды ұйымдастыру) бойынша айыпталған.

         «Уландыруды ұйымдастырған дәл осы құмарпаз емес пе?» – деп ойлады Абылай. – «Ал оған не айып таға аламыз? Бұрынғы танысымен кездесуді доғарғанына ма?». Шынында да, Жұмаевтан қылмыс жасады деп күдіктенуге ешқандай салмақты негіз жоқ.

Апта соңында әдеттегідей, тергеу тобы кеңсеге жиналды. Подполковник Қайсенов тергеу барысы туралы қысқаша баяндады.

– Әзірге мынадай жайттар анықталды: жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Оның өмірін қиюға белгісіз біреулер көмектескен. Пианисші әйел алаяқтардың іс-әрекетінен хабардар болғанға ұқсайды. Қалай болғанда да, жиналған деректер оның не болып жатқанын және қандай іске араласып жатқанын білгенін көрсетеді. Күдікті адам бар – ол Жұмаев. Бұрыннан біздің назарымызда болған. Жасы да біразға келген. Бір мәселе – оған айып тағуға жетерліктей дәлелдеріміздің әзірге жоқтығында.

         «Егер пионисшімыз ойыннан шығуды шешсе ше? – деген ой келді.

–  Жұмаевқа бұл хабар жетсе…Әлде полицияға барам деп қорқытса ше?..»

         Подполковник орнынан тұрып: – Көріңізші, бір кездері әйгілі пианисші болған қарт әйел ақырында пәтерінен айырылғаның түсінеді. Іс  жүзінде көшеде калғанын біліп  полицияға бәрін айтуға шешім қабылдаса  ше. Бұл мүмкін бе?

Әріне, кайда барады баспанадаң айырылып қалғаң соң? деді кибербөлімшедегі жас тергеуші.

– Қылмыс әлемі мұндайды кешірмейді, өздеріңіз білесіздер. Сондықтан олар істі уланғандай етіп көрсетті, – деп түйіндеді офицерлердің бірі.

– Ал оны кім тұншықтырса, сол сырғасын алып кеткен, – деп түсіндірді Абылай. –  Оларды қайдан іздейміз? Ломбардтан ба? Уақыт шамалы. Біз бір қауесет таратуымыз керек. Мысалы, тергеу барысында маңызды айғақтың жоғалып кеткені белгілі болды десек. Біреулер өлімнен кейін Сәдуованың сырғаларын шешіп алған. Сондықтан қазір ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл хабардың әлгі құмар ойыншыға жетуі әбден мүмкін. Жедел уәкілдер Жұмаевтың ұялы телефонын тыңдауға қойып, оның соңынан тәулік бойы аңду ұйымдастыруы керек. Прокуратурамен келісу мәселесін өзім шешемін. Сонда әлгі алаяқ қармаққа ілінер ме екен, жоқ па?

          – Ол мүлдем жауап бермесе ше?–  деп сұрады офицерлердің бірі.

– Рас, мүмкіндік аз, –  деді подполковник келісіп. – Ұрлық болды. Бұл дәлел ертең пайда болуы мүмкін. Бұл олардың қалаған нәрсесі ме? Ішкі сезім айтады, Жұмаев міндетті түрде әрекет жасайды.

          – Дұрыс, күту ұзақ болуы мүмкін, бірақ тергеу мерзімі жақындап қалды, – деді кибер бөлімшенің майоры.

– Иә, келісемін, егер бұл әрекет нәтиже бермесе, істі жабуға тура келеді.  Бізде басқа амал жоқ,– деді Қайсенов үстелінен тұрып. 

         Тағы екі апта өтті. Бір күні кешке детективтер хабарласып, Жұмаевтың дерекқорда тіркелген «Шеге» деген лақап атпен белгілі Шанганов есімді адамға қоңырау шалғанын хабарлады. Бұған дейін жас алаяқ кассирлерге шабуыл жасап, тонау қылмысын жасағаны үшін сотталған болатын. Жұмаев онымен бейсенбі күні сағат 16:00-де Шевченко көшесіндегі «Алима» дәмханасында кездесуге уағдаласты.

         Топ жетекшісі Шангановты бақылауда ұстауды бұйырды. Егер олар кездесіп қалса, әңгімелерін жазып алу қажет. Бейсенбіге дейін екі-ақ күн қалған болатын. Бөлім қызметкерлерінің арасынан біреуін – мүмкіндігінше жас әйелді – шұғыл дайындап, «Алима» кафесіне «даяшы» етіп жұмысқа орналастыру керек. Бұл туралы кафе қызметкерлерінің ішінен тек меңгеруші ғана білуге тиіс.

         Бейсенбі күні. Белгіленген уақытта кафенің кіреберісінде зәйтүн түстес күртеше киген арықша келген жас жігіт пайда болды. Бұл Шанганов еді. Бір-екі минуттан кейін кафе бөлмесінде Жұмаевты көргенде, жігіт сасып қалғандай болды. Көзілдірік таққан қарапайым қарт кісі. Ұсынған қолын қыса отырып, кешіккені үшін жағымпаздана ақталуға кірісті. 

         – Отыр, Шеге, – деп бастады Жұмаев. – Қайда жатып қалдың? Браткалар сені аңди алмады. Соткіге  жауап бермейсің. Не болып жатыр? Түсіндірші, бала. Мен саған не дедім? «Рәсімнен» кейін тыныш кет. Бірақ, сен не істедің?

–  Не деп тұрсың, Жұма? – жігіт орындығында ыңғайсызданды. –  Мен «рәсімді» сіз айтқандай жасадым.

Дәл осы кезде оларға саусақтарының арасына көзге түспейтін  жабысқақ микрофон қыстырған «даяшы» келді.

         – Қонақтар бірдеңеге тапсырыс бере ме? – деді күлімсіреп.

– Сәлден кейін, сәл қайырылып кел,  – деді Жұмаев.

– Жарайды, – деп жауап берген «даяшы» картон мәзір қартасын үстелдің шетіне қойып, оның астына микрофонды білдірмей жапсырды.

         – Қыскасы, бір сыбыс бар. Гауһар тастар мен алтын пәтерден жоғалды, – деді қарт кісі, жұлқынып. – Шеге, сен бізді құрттың…

         – Иман атсың, Жұма! – сыбайластың көздері үрейлене түсті. Мен, мен… Бәрін сіз айтқандай жасадым. Ант етемін! Таза жұмыс болды. Мен кемпірдің түймелеріне де тиіскен жоқпын.

         – Аузынды жап! – деді Жұмаев жақыннан еңкейіп. – Олай болса, неге мұндай шу шықты?    

– Мүмкін полиция өздері жасаған шығар…,  –  деді Шанганов.

– Тыңда, Шеге, – деді қарт алаяқ көзілдірігін шешіп. – Егер бірдеңе дұрыс болмаса, мен сенімен өзім айналысамын… Түсіндің бе?

Дәл осы кезде «даяшы» үстелге жақындап: – Мырзалар, тапсырыс беруге дайынсыздар ма? – деп сұрады.

– Иә, минералды су әкеліңіз. Біраз уақыттан кейін бірдеңе таңдаймын, – деді Жұмаев.

         Қыз кеткен соң, ол сыбайласына зіркілдей қарап:      «Енді мына жерден жоғал!» – деді қолын сілтеп.

         Дәмханадағы операцияны бақылап тұрған жедел уәкілдер әңгіме мазмұнын топ жетекшісі Қайсеновке жеткізді. Олардың сөзін тыңдап болған соң, Қайсенов телефондары тыңдалып жатқан Шангановты аңдуға бұйрық берді. Жұмаевпен кездесуден кейін қатты қобалжып қалған Шанганов таксиге отырысымен біреуге қоңырау шалды.  Ұзақ уақыт шырылдағаннан кейін арғы жақтан дауыс естілді:

         – Не болды?

         – Жазира, тыңдашы… менің сыйлығым өзінде ме? – деп сұрады такси жүргізушісіне көз тастап.

         – Сырғаларды айтасың ба? Оларды сіңліме беріп қойдым. Ол тұрмысқа шыққалы жатыр.

         – Ақымақ! – деп айқайлады Шанганов. – Олардан құтылуымыз керек. Қазір бара жатырмын. Жұмыстасың ба?

         – Иә, кезекшіліктемін…

         … Сол күні жедел топ өкілдері Жұмаев пен Шангановты ұстады. Куәгерлердің қатысуымен пәтерде Сәдуовадан алынған гаухар тасты сырғалар тәркіленді. Жұмаев жәбірленушіні танитынын жоққа шығармады. Ол әйелге қоңырау шалған, алайда кейін ауырып қалып, онымен қайта кездеспеген. Ал дәмханадағы әңгімеге келсек, онда кісі өлтіру туралы мүлдем сөз болмаған. «Рәсім» туралы айтылғандар жай ғана сөздер. Оны кез келген жағдайға қатысты қолдануға болатын еді», – деп адвокаттың қатысуынсыз Қайсеновпен сөйлесуден бас тартты.

         Шанганов Жұмаевтың тікелей нұсқауымен әрекет еткенін мойындады. Ол зейнеткердің пәтеріне Гоголь көшесіндегі үйінің сатылымынан түскен ақшаны жеткізу сылтауымен барған. Шын мәнінде, жоспар бойынша оны өлтіру, яғни қылмыстық орта тілімен айтқанда, «рәсімді орындау» көзделген еді. Ол әйелді жастықпен тұншықтырып өлтіріп, оның газбен уланып өлгенін көрсетпек болған. Шанганов қылмысқа бару себебін жергілікті қылмыстық топ алдындағы құмар ойындардан қалған қарызымен түсіндірді.

         Үй иесі есікті ашып Шангановты ішке кіргізген. Оның қолында ақша салынған сөмке бар еді. Дәлірек айтсақ, қара түсті полиэтилен пакет. Ондағы  қиылған қағаздардың тек ең үстіңгі бумасы ғана нағыз ақшадан тұратын. Үй иесі диванға отырып, ақшаны санай бастағанда, Шанганов дереу жастықты алып оны тұншықтырады. Денесін диванға жатқызған кезде  құлағындағы сырғаларын көріп, шешіп алған. 

Тергеу кезінде Қайсенов күдікті Шангановтан былай деп сұрады:

– Сәдуованың пәтеріне қатысты алаяқтықтан хабарыңыз бар ма еді?

– Оны әлгі екеуі ойластырып істеген ғой. Пәтерді сатып, кейін сот арқылы қайтарып аламыз десті. Бәрі ойдағыдай болады, ешқандай заңсыз әрекет жоқ деп сендірді. Ал ақшаны өздері бөлісіп алды.

            – Олай болса олар Сәдуованы неге өлтірді?

– Көшіру басталғанда ол Жұмаевты қорқыта бастады. Сенің кесіріңнен мен үйімнен айрылдым! Ақшаны бермесең, бәріңді тапсырамын, – деген соң бұл қадамды Жұма сол кезде жасады.

         Әрине, подполковник Қайсеновтің «пианист ісін» ашқанын жетістік деп санауға болар еді, алайда ол неге екені белгісіз, ешқандай қанағат сезімін бастан кешірмеді. Әрбір істі ашқан сайын Абылай бір нәрсеге көзі жете түсті: адамдар пайда табу үшін алдауға, тіпті қылмысқа да баруға дайын тұрады. Зейнеткердің кісі қолынан қаза табуына қатысты тергеу нәтижелерін баяндаған кезде, қалалық полиция бастығы: «Шынымды айтсам, Әбеке, мұндай нәтиже болады деп күтпеп едім. Әлгі «бейшара зейнеткердің» ісі осылай аяқталды-ау. Сөйтсек, оның түбіне өз ашкөздігі жеткен екен. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрмын. Жастардың қылмысқа тартылуы бір бөлек те, ал зейнеткердің»,  – деді.  

– Әрине, алтынның жарқырауы тіпті періштені де адастырады. Уайымдамаңыз, генерал жолдас, біздің ісіміз дұрыс. Прокурор қазірдің өзінде айыптау корытындысы актісін жасап жатыр. Жоғары жақтағылар күмәнданбасын. Біз бұл жерде жай отырған жоқпыз.

Сая ИССА

Шілде айының соңында «AлматыГаз» авариялық қызметіне Гоголь көшесі, 122-үй мекенжайындағы үш қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде газдың шығуы туралы хабарлама түсті. Оқиға хабарлаған тұрғынның айтуынша, 45-пәтерден өткір иіс шығып жатыр. Көршілер есікті қаққанымен, ешкім жауап бермеген. Авариялық бригада келгенге дейін тұрғындар сыртағыгаз вентилін жауып үлгерген.

         Оқиға орнына келген газ қызметінің мамандары екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіруді жөн көрді. Өйткені металл кіреберіс есік құлыптаулы болатын. Ұшқыннан газ жарылысы орын алуы мүмкін деген қауіпке байланысты есікті бұрыштық тегістеуішпен (болгаркамен) кесіп ашу тым қауіпті деп саналды.

         Қорғаныш маскасын киген газ қызметкерлерінің бірі балконға көтерілді. Ол кішкентай балтамен терезе әйнегін сындырып, ішке кіріп кетті. Бір минутқа жетер-жетпес уақыттан кейін терезен қолын бұлғады. Содан кейін маскасын шешіп, жерде бақылап тұрған әріптестеріне:

Жедел жәрдем шақырыңдар! – деп айқайлады. – Іштегі әйел тұншығып қалыпты…

         Жиналған жұрт гу-ете ғалды.

– Тұншығып қалған дейді ме? Жылдам, оны сыртқа шығарыңдар! – деп жатты газ қызметкерлерінің бірі.

– Дем алмай жатыр! Қарасам… жанарғыны өшіруді ұмытып қалғаң сияқты…

– Асүйдін газ шүмегін жабыңдар! Мен бұл туралы дереу хабарлаймын! – деп айқайлады топ жетекшісі.

         Сәл алшақ жиналған тұрғындар дереу сол суық хабарды талқылай бастады.

– Бұл – қырық бесінші пәтердегі Гүлнар ғой, – деп түсіндірді шашы ағарған қарт әйел, қызу қимылдап. – Соңғы кездері байқап жүр едім, бейшара… Көңіл-күйі түсіп кеткеңкөріді.

– Газ  өшіруді ұмытып кеткен. Немесе ұйықтап қалған шығар, – деп болжады жанында тұрған ер адам.

– Әлде жүрегі ұстап қалды ма..? – деді тағы бір көршісі. – Өйткені, ол осы қыста ота жасатқан болатын.

         Сол сәтте «жедел жәрдем» көлігінің сиренасы олардың әңгімесін бөліп жіберді. Газ қызметінің мамандары пәтердің темір есігін бірден аша алмады. Іштегі адам кілттер шоғырынан қажеттісін таба алмағандықтан, құлыпты күштеп ашуға тура келді. Пәтер ішін газдың өткір иісі кернеп кеткен еді. Бетперде таққан медицина қызметкерлері зембілмен ішке асыға кірді. Қонақ бөлмедегі диванда түрлі-түсті үй халатын киген қарт әйел шалқасынан жатыр екен. Оның жүзі өлідей бозарып кетіпті. Оң қолы диван шетінен жансыз күйде салбырап жатыр.

         Кенет кіреберіс залда аяқтың дүбірлеген дыбысы естілді: баспалдақпен полиция жасағы көтеріліп келе жатты.

                                                         II

         Қалалық полиция жедел ақпаратта Алмалы ауданында жалғыз тұратын қарт әйелдің иіс газына улану дерегі тіркелгені хабарланғанда, подполковник Абылай Қайсенов бұл оқиғаны тергеу өзіне тапсырылады, тіпті тергеу тобын басқару міндеті жүктеледі деп мүлдем ойламаған еді. Ол өз қызметтік жолында тұрмыстық жағдайдағы кездейсоқ улану оқиғасына мұндай деңгейде ден қойылғанын бұрын-соңды көрмеген-ді.

         Шамамен үш аптадан кейін Ішкі істер министрі селекторлық кеңес барысында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің басшысына сөгіс айтты. Бас прокурордың баяндамасында газбен улану салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиғаны ерекше атап өтті. Алматыдағы Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қылмыстық-процестік кодексті бұза отырып, алдын ала тексеруді тек формальды түрде жүргізген және соның салдарынан қылмыстық істерді жауып тастаған деп сөкті. Бас прокурор  зейнеткер әйелдің улануына қатысты нақты жағдайды мысалға келтірді.Өзін-өзі уландырғандай тергеушіге көрінді… Шын мәнінде, прокурорлар оның онлайн алаяқтықтың құрбаны болғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсағанына деп сенеді.

         – Мені тұзаққа түсірмекшісіз бе, подполковник? Егер бұл істің бетін ашпасақ, мансабыма нүкте қойылады! Абылай, өтінемін…

         Оның үстінетағы бір жағдай. Зейнеткер қарапайым адам емес екен. Ол – кезіңде партия қызметкерінің қызы. Танымал пианист, әрі түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері Гүлнар Сәдуова болып шықты. Бір жыл бұрын жалғызбасты зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны болған еді. Әлеуметтік желілердегі қызу талқылаудың себебі де осында жатыр.

         Енді подполковник Қайсенов барлық шаруаны ысырып қойып, аудандық тергеушілердің жіберген қателіктерін түзеуге тура келді. Полициямыздың беделіне нұқсан келетіні де осындай біліксіз қызметкерлердің кесірінен.

         Амал жоқ: бұйрықты орындау керек. Алдымен Абылай тергеу-жедел тобын құру туралы бұйрық дайындады. Топ құрамына Алмалы аудандық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімі бастығының орынбасары, сол ауданның анықтаушысы, Алматы қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің жас жігіт, сондай-ақ сарапшы мен криминалист кірді. Қысқасы, бұл мықты топ күрылды.

         Жедел жоспарды (тергеу және іздестіру іс-шараларының жоспарын) әзірлемес бұрын, ол азаматшыСәдуовауландыруға қатысты іс материалдарын зерделеуге екі күн жұмсады. Сотқа дейінгі тергеу материалдарының көшірмелері оның компьютеріне жолданған болатын. Техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқан тұста Абылай істің егжей-тегжейімен мұқият танысып шықты.

         Кіші әріптестерінің жұмысын елеусіз қалдыру — Қайсеновтің болмысына жат нәрсе. Өйткені, теріс нәтиженің өзі — нәтиже болып саналады. Оның үстіне, тікелей қарым-қатынас оқиға орны түсірілген бейнежазбадан немесе куәгерлердің құрғақ жауаптарынан әлдеқайда артық.

         Іс материалдары мынадай жағдайды көрсетті. Өздерін ҰҚК және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар әлеуметтік желі арқылы Сәдуақас есімді жалғызбасты зейнеткердің сеніміне кірген. Олар әйелді интернет-алаяқтарды ұстау бойынша құқық қорғау органдарына көмектесу қажеттігіне сендірген. Оны жүйелі түрде айла-шарғымен иландыру арқылы, олар зейнеткерді Алматы қаласының орталығындағы үш бөлмелі пәтерін нарықтық төмен бағаға — отыз миллион теңгеге — сатуға көндірген.

         Сатып алушылар — Жапаровтар есімді зейнеткер ерлі-зайыптылар — қарт әйелдің үш бөлмелі пәтерін интернеттегі алаяқтардың нұсқауымен сатқанынан бейхабар болған. Олар бұл жайлы тек пәтерге көшуге келісілген күн келгенде ғана білді. Сол кезде Сәдуоваоларға алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тек содан кейін ғана Алмалы аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірді. Кейіннен бұл іс тергеуге қабылданды.

         Ақырында, ұзаққа созылған сот процестерінен кейін ол баспанасынан айырылып қалды. Мұндай психологиялық ауыртпалыққа кез келген адамның, тіпті болаттай берік жүйкесі бар жанның да төтеп бере алуы екіталай деуге болады. Ал бұл жағдайға жәбірленуші – денсаулығы нашар, жалғызілікті қарт әйелтап болды.

         Пәтерді сатуға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігінің 8-тармағы) Алмалы аудандық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесі жүргізді. Алайда тергеушілер күдіктілерді анықтай алмады. Салдарынан іс тоқтап қалды.

         Сонымен қатар, сатып алушылар- Жапаровтар Сәдуовазаңсыз иеленіп отырған пәтерден шығару туралы талап-арыз түсірді. Алмалы аудандық соты сатып алушылардың пайдасына шешім шығарды. Кейін қалалық соттың апелляциялық алқасы аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған сәтте қайғылы оқиға орын алды: зейнеткер қайтыс болды.

         Улану оқиғасына қатысты полицияның әрекетіне келсек: Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында тонау белгілері анықталған жоқ. Үй иесінің барлық құнды заттары мен зергерлік бұйымдары орнында болды. Пәтерден үй иесінікінен өзге саусақ іздері табылмады. Мәйітті тексеру кезінде жүргізілген сот-медициналық сараптама денеде ешқандай жарақатжоқ деп көрсетті.Өзге адамның болғанына ешқандай белгілер анықталмады.

Сот-медициналық сараптама Гүлнар Сәдуоваөлімінің ықтимал себебін анықтады: тұрмыстық газбен улану салдарынан тыныс алудың тоқтауы (асфиксия).

         Іс материалдарын қарап шыққан подполковник Қайсенов тергеу жұмыстарының үстірт жүргізілгенін бірден байқады. Мәселен, пәтер есігінің төменгі құлпына арналған кілттің жоқтығы неге олардың назарын аудармады екен? Шамасы, жедел уәкілдер кілтті іздеуге құлық танытпаған. Ал қызметкерлердің ешқайсысы бұл жайтқа мән бермеген сияқты. Тағы бір маңызды деректе назардан тыс қалған: сот-медициналық сараптама әйелдің өкпесінен тұрмыстық газдың ізін таппаған. Осы олқылықтар сот-медициналық сараптама қорытындысына күмән тудырады.

«Пәтерден шығаруға қатысты азаматтық іс бойынша тараптар, атап айтқанда, баспананы сатып алған Жапаровтар жұбы жауапқа тартылмады», — деп ойлады Абылай іштей қынжыла.

         Тергеу органдарының жұмыс істеу тәсілінің мұндай көрінісі, әрине, блогерлерге тақырып болды. Бұрынғы пианистің басынан өткен қылмыстық оқиға әлеуметтік желілерге тарап кетті. Желідегі пікірлерде: «Алаяқтар мен ақша тасымалдаушылар (дроппер) бассыздыққа көшкені сонша — енді олар жалғыз тұратын қарт адамдарға тікелей күш көрсетіп, көз жұмдыры. Полиция қайда қарап отыр?» — деген сарындағы наразылықтар айтылды.

                                               III

                   Топ мүшелерінің барлығы Қайсенов кабинетіне жиналған соң,  ол жағдайды хабарлады. Содан кейін әрбір мүшеге нақты тапсырмалар жүктеп, кибербөлім қызметкерлеріне ерекше мән берді.

Олар Сәдуованың жеке компьютеріндегі қатқыл дискінің мазмұны мен оның ұялы телефонын мұқият тексеру өткізу, сондай-ақ банктер мен қаржы мекемелеріне сауалдар жолдау әзірлеуді жоспарлады. Оның шоттарынан қандай сомалар және қайда аударылған?

         Сондай-ақ ұялы телефонына түсірілген, WhatsApp арқылы алаяқтармен келіссөз жүргізген сәттері бейнеленген былтырғы жазбаларға да қызығушылық танытты. Диалог мазмұны айқын әрі қарапайым болды. Белгісіз тұлғалар пәтерді қайтарып, сатып алушыға ақшасын кері қайтаруға уәде берген.

         Дегенмен, тәжірибелі детектив зейнеткердің айла-шарғыға соншалықты оңай алданғанына таңғалды. Ол телефонның арғы жағындағы адамды бұрыннан танитындай сөйлесті — бейтаныс адаммен мүлдем бұлай сөйлеспеу тиісті еді. Оның сөздері алдын ала жаттап алынғандай естілді.

         Алаяқтармен хат алмасу барысында Сәдуова пәтерге қатысты ешқандай алаңдаушылық немесе күдік білдірмейді. Ол сату рәсімін неліктен нотариус арқылы ресімдеу қажет екеніне немесе ақшаны жай ғана банк шотына салудың орнына, неліктен оны курьерге (дроппер) қолма-қол берді? Бәлкім бердіме?

         Абылай топ мүшелеріне бұрын назардан тыс қалған куәгерлерден, атап айтқанда Жапаровтардан қайта сұрауды тапсырды.

         Күйеуі отставкадағы полиция қызметкері. Оның арызында Сәдуовамен алаяқтардың арасындағы байланыс болуы мүмкін деген нұсқау бар. Оның неліктен олай ойлайтынын біліңіз. Біз бұл жолдан бірдеңе табуымыз мүмкін. Ол алаяқтармен қандай да бір түрде байланысы бар болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – көзге көрінбейтін болса да ізін табу.

                                               IV

         «Ізін тап» деу оңай, бірақ егер ондай ілік болмаса ше? Іске кірісудің ең дұрыс жолын табу керек. Нақты қандай деректер бар? Ашығын айтқанда, әлгі бейшараны алдап соққан. Ол алаяқтардың тұзағына түсіп қалғансиякты. Бұл қалай болды? Олар әйелді өздері тапты ма, әлде біреу бағыт-бағдар берді ме? Оқиғалар тізбегін тағы бір рет саралап шығуымыз қажет.

         Қайсенов орнынан тұрып, терезеге қарай беттеді. Уақыт кеш болған еді. Сыртта аздап жаңбыр жауып тұрды. Үйге қайтатын кез жеткенімен, оның ойынан бір нәрсе кетпей қойды. «Жоқ, қалай қарасаң да, әлгі пионистканыңіске қатысы бар сияқты, – деп түйді ол. – Оның барлық байланыстарын мұқият тексеріп шығу керек: кімдермен сөйлескенін анықтау қажет. Ол әлгі… «кеңесшімен» ақылдаспай қоймаған шығар».

                                                         V

         Подполковниктің әріптестерімен ықтимал ізі суымаған деректер жайында сөйлесуге салмақты себебі бар еді. Киберқылмыспен күрес бөлімшесінің қызметкерлері жәбірленуші Сәдуованың телефонындағы WhatsApp бейнежазбасының өңделгенін, ал дыбыстың кейінірек өзгертіліп үстінен жазылғанын хабарлады. Алайда ең маңыздысы бұл емес еді.

Барлық фотосуреттер мен бейнежазбаларды көзбен шолып қарап отырып, Абылай жәбірленушідегі гауһар тасты сырғалардың жоқ екенін кенеттен байқап қалды. Ол жазбаны қайта-қайта қарап шықты. Сот залындағы бейнежазбада айыпталушы Сәдуовасол сырғаларды бүкіл уақыт бойы тағып жүргені көрінеді.

Азаматтық іс бойынша Мақашеваның өкілі болып табылатын куәгер жауап алу кезінде өз қорғауындағы адамның үнемі сырға тағып жүретінін айтты. Алайда пәтердегі мәйітті қарап тексеру кезінде түсірілген бейнежазбада марқұмның сырғасыз болғаны көрінеді. Сонымен қатар, ұсақ тастары бар сол сырғалар Сәдуақастың пәтерін тексеру барысында жасалған заттар тізімінде көрсетілмеген.

Қосымша сұрау алу барысында газдың сыртқа шығу оқиғасы болған жердегі адамдар – «Алматы Газ» мен медициналық қызметкерлер – ешқандай сырға көрмегендерін және бұл жайтқа назар аудармағандарын мәлімдеді. Полиция қызметкерлеріне күдік келтіруге ешқандай негіз жоқ.

         Осыдан мынадай қорытынды шығады: егер барлық қызметкерге күмән келтіруге негіз болмаса, онда қылмысты (яғни, тұншықтырып өлтіруді) бөгде адам жасаған. Бұл бөгде адам Сәдуоваға жақсы таныс жан болған – өйткені ол оны пәтерге өз еркімен кіргізген ғой. Тергеушілердің кіреберіс есіктің екінші кілтін таппауының себебі де осымен түсіндіріледі.

Шамасы, қылмыскер қарт әйелді тұншықтырып өлтіргеннен кейін, есікті сырттан кілттеп кеткен. Сондай-ақ ол марқұмның құлағындағы сырғаларын шешіп алған. Олардың екеу болуы да әбден мүмкін. Демек, күдіктіні пианист Сәдуованың өз айналасынан іздеуіміз керек. Сөйтіп, енді ескеретін жаңа жайттар пайда болды.

                                                        VI

         Арада ай өтті. Алаяқтық пен қасақана улауға қатысты қылмыстық істер біріктіріліп, «пианист ісі» деп аталған біртұтас іске айналды. Тергеушілер зейнеткер Сәдуованың барлық байланыстарын тексеріп, әрбір куәгерден жауап алды. Олар ұялы телефонына түскен және одан шыққан барлық қоңырауларды мұқият саралап, пәтер сату ісіне қатысы жоқ адамдарды күдіктілер қатарынан алып тастады.

         Алайда маңызды бір дерек анықталды. Қайтыс болардан біраз уақыт бұрын жәбірленуші бір адаммен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескен. Нөмірдің «бір реттік» екені, яғни бұрыннан қайтыс болып кеткен адамның атына тіркелгені белгілі болды. Сол телефоннан соңғы қоңырау дәл қайғылы оқиға болған күні шалынған. Кейіннен ұялы телефон өшірілген. Сірә, SIM-карта жай ғана лақтырып тасталған болуы керек. Сонда Сәдуовакімге және не үшін қоңырау шалды деген сұрақ туындайды. Бұл «кеңесші» болуы мүмкін бе еді? Әрине, бұл нөмірдің «жалған» болғаны анық.

         Кибербөлімшедегі IT-мамандар зейнеткер алаяқтардың назарына іліккен сәттен бастап жасалған барлық қоңырауды қадағалап шықты. Сөйтіп компьютерлік жүйе мынадай нәтижелерді көрсетті: интернеттегі алаяқтармен байланысқа түспес бұрын, Сәдуова жастық шақтағы досы Жұмаевпен жиі телефон арқылы сөйлесіп, WhatsApp желісінде хабарлама алмасып тұрған. Олар кезінде бірге музыка мектебінде оқыған екен: жігіт бас-гитарада, ал әйел кілтті аспаптарда ойнап, бір ансамбльде өнер көрсеткен.

         Қайсеновке мына жағдай оғаш көрінді: оның көптен бергі құрбысы алаяқтардың құрбаны болғаннан кейін, Жұмаев онымен байланысты бірден үзіп тастады. Ол әйелге бірде-бір рет қоңырау шалмады және оның жағдайына ешқандай қызығушылық танытпады. Сәдуовабайланысты доғарды. Абылайға бұл жайт оғаш көрінді.

         Осы тұста пәтерден айрылғаңСәдуовабас киім киген егде жастағы бейтаныс ер адаммен көрген тәжірибелі қызметкер Жапаровті есіне алды. Ресми баяндамада көрсетілгендей, бұрынғы полиция қызметкері әлгі адамның жүріс-тұрысына қарап, оның қылмыстық ортаға қатысы бар екенін аңғарған. «Менменсіген жүріс және көзге түсерліктей тәкаппар кейіп»,– ол бейтаныс адамды осылай сипаттаған еді.

         Бұл бейтаныс адамның шын мәнінде «кеңесші» болып табылатын болса– Жұмаев болуы әбден мүмкін. Ескі достың көзге түспеуді жөн көріп, бұрынғы құрбысымен байланысты бір реттік телефон арқылы сақтап тұруы да ғажап емес.

         Олар дерекқордан бұл «кеңесшіні» тез тапты. Ол құқық қорғау органдарына бұрыннан таныс адам – 72 жастағы, карта ойындарына әуес Жұмаев есімді азамат болып шықты. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабы (есірткі тұтынатын орынды ұйымдастыру) бойынша айыпталған болатын.

         «Уландыруды, сол қулық-сұмдықты ұйымдастырған дәл осы құмарпаз емес пе?» – деп ойлады Абылай. – «Ал оған не таға аламыз? Бұрынғы қызымен кездесуді доғарғанын ба?..»

         Шынында да, бұл Жұмаевты қылмыс жасады деп күдіктенуге ешқандай салмақты негіз жоқ.

                                               VII

         Апта соңындағы әдеттегідей, тергеу тобы кеңсеге жиналды. Подполковник Қайсенов тергеу барысы туралы қысқаша баяндады.

Әзірге мынадай жайттар анықталды: жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес еді. Оның өмірін қиюға белгісіз біреулер көмектескен. Пианист әйел алаяқтардың іс-әрекетінен хабардар болғанға ұқсайды. Қалай болғанда да, жиналған деректер оның не болып жатқанын және қандай іске араласып жатқанын білгенін көрсетеді. Күдікті адам бар – ол Жұмаев. Ол бұрыннан біздің назарымызда болған, алайда қазіргі сәтте оны қолға түсіру қиынға соғатын сияқты. Жасы да біразға келген. Бір мәселе оған айып тағуға жетерліктей дәлелдеріміздің әзірге жоқтығында.

         «Егер пионисткамызойыннан шығуды шешсе ше? – деген ой келді.– Жұмаевқабұл хабар жетсе…Әлде полицияға барам деп қорқытса ше?..»

         Подполковник орнынан тұрып, дауыстап сұрады:

Көріңізші, бір кездері әйгілі пианист болған қарт әйел. Ақыры пәтерінен айырылғаның түсінеді. Көшеде іс жүзінде калағаның. Ол полицияға бәрін айтуға шешімге келсе ше. Бұл мүмкін бе?

Әріне, кайда барады баспанадаң айырылып қалғаң соң? – дедікибербөлімшедегіжас тергеуші .

– Қылмыс әлемі мұндайды кешірмейді, өздеріңіз білесіздер. Сондықтан олар істі уланғандай етіп көрсетті, – деп түйіндеді офицерлердің бірі.

–Ал оны кім тұншықтырса, сол сырғасын алып кеткен, – деп түсіндірді Абылай.Оларды қайдан іздейміз? Ломбардта ма? Уақыт шамалы… Біз бір қауесет таратуымыз керек. Мысалы, тергеу барысында маңызды айғақтың жоғалып кеткені белгілі болды десек. БіреулерСәдуованың сырғаларын шешіп алған —қайтыс болғаннан кейін. Газ қызметінің жұмысшылары ма? Әлде дәрігерлер ме? Тіпті полиция қызметкерлерінің өздері де болуы әбден мүмкін. Сондықтан қазір ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Тағы бір жайт. Бір болжамды ортаға салайық. Айтуларынша, қайтыс болар алдында жарықтыкзергерлік бұйымдарын жақсы достарына таратып берген екен. Бірақ, нақты кімге? Бұл мәселені тергеу анықтауы тиіс, дейміз.

Бұл хабардың әлгі құмар ойыншыға жетуі әбден мүмкін. Жедел уәкілдер Жұмаевтың ұялы телефонын тыңдауға қойып, оның соңынан тәулік бойы аңду ұйымдастыруы керек. Прокуратурамен келісу мәселесін өзім шешемін. Сонда әлгі алаяқ қармаққа ілінер ме екен, жоқ па?

         –Ол мүлдем жауап бермесе ше?» –  деп сұрады офицерлердің бірі.

Рас, мүмкіндік аз, –  деді подполковник келісіп. –Дәлелдер пәтерден жоғалып кетті. Ұрлық болды. Бұл дәлел ертең пайда болуы мүмкін. Бұл олардың қалаған нәрсесі ме? Ішкі сезім айтады, Жұмаев міндетті түрде әрекет жасайды.

         – Дұрыс, күту ұзақ болуы мүмкін, бірақ тергеу мерзімі жақындап қалды, – деді кибер бөлімшенің майоры.

– Иә, келісемін, егер бұл әрекет нәтиже бермесе, істі жабуға тура келеді, – үстелінен тұрып, деді Қайсенов. – Бізде басқа амал жоқ.

                                               VIII

         Екі апта өтті. Бір күні кешке детективтер хабарласып, Жұмаевтың дерекқорда тіркелген, «Шеге» деген лақап атпен белгілі Шеңғанов есімді адамға қоңырау шалғанын хабарлады. Бұған дейін жас алаяқ кассирлерге шабуыл жасап, тонау қылмысын жасағаны үшін сотталған болатын. Жұмаев онымен бейсенбі күні сағат 16:00-де Шевченко көшесіндегі «Алима» дәмханасында кездесуге уағдаласты.

         Топ жетекшісі Шеңғанов бақылауда ұстауды бұйырды. Егер олар кездесіп қалса, әңгімелерін жазып алу қажет еді. Бейсенбіге дейін екі-ақ күн қалған болатын. Бөлім қызметкерлерінің арасынан біреуін — мүмкіндігінше жас әйелді — шұғыл дайындап, ертеңіне-ақ оны «Алима» кафесіне даяшы етіп жұмысқа орналастыру керек болды. Бұл туралы кафе қызметкерлерінің ішінен тек меңгеруші ғана білуге ​​тиіс.

         Бейсенбі күні. Белгіленген уақытта кафе кіреберісінде зәйтүн түстес күртеше киген арықша келген жас жігіт пайда болды. Бұл Шеңғановеді. Сол сәтте Жұмаевты іздей бастады.

Бір минуттан кейін кафе бөлмесіне Шеңғанов кіріп келді. Жұмаевты көргенде, жігіт сасып қалғандай болды. Көзілдірік таққан қарапайым қарт кісі. Ұсынған қолын қыса отырып, кешіккені үшін жағымпаздана ақталуға кірісті.    

         – Отыр, Шеге,– деп бастады Жұмаев. – Қайда жатып қалдың? Браткалар сені аңдый алмады. Соткіге жауап бермейсің. Не болып жатыр? Түсіндірші, бала. Мен саған не дедім? «Рәсімнен» кейін тынышқана жинап кет. Бірақ, сен не істедің?

 Не деп тұрсың, Жұмеке? – жігіт орындығында ыңғайсызданды. – Мен «рәсімді» сіз айтқандай жасадым.

Дәл осы кезде оларға «даяшы» келді. Саусақтарының арасына жабысқақ микрофон көзге түспейді.

         – Қонақтар бірдеңе тапсырыс бере ме?– ол күлімсіреп.

– Сәлден кейін, –қысқа қайырылыпдеді Жұмаев.

– Жарайды, – деп жауап берді «даяшы» әйел.

Ол картон мәзір қартасын үстелдің шетіне қойып, ал оның астына микрофонды білдірмей жапсырды.

         Қыскасы, бір сыбыс бар. Гауһар тастар мен алтын пәтерден жоғалды,– деді қарт кісі жұлқынып. – Шеге, сен бізді құрдың…

         – Иман атсың, Жұма! – сыбайластың көздері үрейлене түсті. Мен, мен…Бәрін сіз айтқандай жасадым. Ант етемін!Таза жұмыс болды. Мен кемпірдің түймелеріне дейін тискен жоқпын.

         – Аузынды жап! – жақыннан еңкейіп деді Жұмаев. – Олай болса, неге мұндай шу шықты?    

– Мүмкін… полиция өздері жасаған шығар…, – деді Шеңғанов. – Олар төбені сүзіп жүрді. Енді кінәлі ешкіні іздеп жатыр …

– Тыңда, Шеге,– көзілдірік шешіп деді қарт алайқ. –Егер бірдеңе дұрыс болмаса, мен сенімен өзім айналысамын… Түсіндің бе?

Дәл осы кезде «даяшы» үстелге жақындады.

–Мырзалар, тапсырыс беруге дайынсыз ба? – деп сұрады ол күлімсіреп.

–Иә, минералды су әкеліңіз. Біраз уақыттан кейін бірдеңе таңдаймын, – деді Жұмаев.

         Қыз кеткен соң, ол сыбайласына зіркілдей қарап:

         – Енді мына жерден жоғал! – дедіқолын сілтеп.

                                               IX

         Дәмханадағы операцияны бақылап тұрған жедел уәкілдер әңгіме мазмұнын топ жетекшісі Қасеновке жеткізді. Олардың сөзін тыңдап болған соң, Қасенов телефондары тыңдалып жатқан Шеңғановты аңдуға бұйрық берді.

Жұмаевпен кездесуден кейін қатты қобалжып қалған Шеңғановтаксиге отырысымен біреуге қоңырау шалды.

Ұзақ уақыт шырылдағаннан кейін арғы жақтан дауыс естілді:

         Не болды?

         – Жазира, тыңдашы… менің сыйлығым өзінде ме? –такси жүргізушісіне көз тастап, сұрады.

         – Сырғаларды айтасың ба? Оларды сіңліме беріп қойдым. Ол тұрмысқа шыққалы жатыр…

         – Ақымақ! – деп айқайлады Шеңғанов. – Олардан құтылуымыз керек. Қазір бара жатырмын. Жұмыстасың ба?

         – Иә, кезекшіліктемін…

         … Сол күні жедел топ өкілдері Жұмаев пен Шеңғановты ұстады. Куәгерлердің қатысуымен Жазира дегеңкыздынсіңілісініңұйіненСәдуовадан алынған сырғалар тәркіленді.

Жұмаев жәбірленушіні Сәдуоватанитынын жоққа шығармады. Ол әйелге талай қоңырау шалған. Алайда кейін ауырып қалып, онымен қайта кездеспеген. Ал дәмханадағы әңгімеге келсек, онда кісі өлтіру туралы мүлдем сөз болмаған. «Рәсім» туралы айтылғандар жай ғана сөздер еді. Оны кез келген жағдайға қатысты қолдануға болады деп әңгімені доғарды. Сондай-ақ ол адвокаттың қатысуынсыз Қайсеновпен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартты.

         Куәгерлердің қатысуымен күдікті ШангановЖұмаевтың тікелей нұсқауымен әрекет еткенін мойындады. Ол зейнеткердің пәтеріне Гоголь көшесіндегі үйінің сатылымынан түскен ақшаны (яғни Жұмаев жіберген-мыс қаражатты) жеткізу сылтауымен барған. Шын мәнінде, жоспар бойынша оны өлтіру, яғни қылмыстық орта тілімен айтқанда, «рәсімді орындау» көзделген еді. Ол Сәдуованы жастықпен тұншықтырып өлтіріп, артынша газ кранын ашып қою арқылы оның газбен уланып өлгенін көрсетпек болған. Шангановқылмысқа бару себебін жергілікті қылмыстық топ алдындағы құмар ойындардан қалған қарызымен түсіндірді.

         Үй иесі Сәдуоваесікті ашып, жігіті ішке кіргізді. Қолында ақша салынған сөмке бар еді – дәлірек айтсақ, іште қара түсті полиэтилен пакеттерге салынған қиылған қағаздар болатын. Ал тек ең үстіңгі бумасы ғана нағыз ақшадан тұратын. Үй иесі диванға отырып, ақшаны санай бастағанда, Шеңғанов дереу жастықты алып, оны қарт әйелдің бетіне қатты басты… Оның денесін диванға жатқызған кезде, құлағындағы сырға көзге түсті. Сол сырғалар қатты ұнап қалған еді…

         Тергеу кезінде Қайсенов күдікті Шангановтаңсұрады:

– Сәдуованыңпәтеріне қатысты алаяқтықтан кайхабарыңыз бар?

– Оны әлгі екеуі – апай мен Жұмаев – ойластырып істеген ғой. Пәтерді сатып, кейін сот арқылы қайтарып аламыз десті. Бәрі ойдағыдай болады, ешқандай заңсыз әрекет жоқ деп сендірді. Ал ақшаны өздері бөлісіп алды.

         Олай болса карт адамды неге өлтірдіндер?

– Сот шешімі пәтерді босат деп еді, апай Жұмаевты қорқыта бастады: «Сенің кесіріңнен мен үйімнен айырылдым! Ақшаны бермесең, бәріңді полицияға тапсырамын!» Сол екен, Жұмаев лезде шешімгекелді…

Жауап алу кезінде тергеуші Сәдуова өзіне қалдырған ақша бөлігінің тағдыры туралы сұрады. Күдіктілердің ешқайсысы тіс жармады. Ол онымен не істеді? Оның банк шоттарында зейнетақысының бір бөлігі ғана табылды.

                                               X

         Әрине, подполковник Қайсеновтің «пианистшінің ісін» ашқанын жетістік деп санауға болар еді. Алайда ол неге екені белгісіз, ешқандай қанағат сезімін сырт көрсетпеді. Әрбір істі ашқан сайын Абылай бір нәрсеге көзі жете түсті: адамдар пайда табу үшін алдауға, тіпті қылмысқа да баруға дайын тұрады.

         Зейнеткердің кісі қолынан қаза табуына қатысты тергеу нәтижелерін баяндаған кезде, қалалық полиция бастығы өкінішпен былай деді:

Шынымды айтсам, Әбеке, мұндай нәтиже болады деп күтпеп едім. Әлгі «бейшара зейнеткердің» ісі осылай аяқталды-ау. Сөйтсек, оның түбіне өз ашкөздігі жеткен екен. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрмын. Жастардың қылмысқа тартылуы бір бөлек те, ал зейнеткердің…

         – Иә, ол осындай көрініске айналады..,– подполковник Қайсеновбасын изеді.

– Әрине, айткандай, алтынның жарқырауы тіпті періштеніде адастырады. Уайымдамаңыз, генерал жолдас, біздің ісіміз дұрыс. Прокурор қазірдің өзінде айыптау корытынактісін жасап жатыр. Жоғары жақтағылар күмәнданбасын. Біз бұл жерде жай ғана отырған жоқпыз. Нанымызды тегін жемейміз…

Сая ИССА

Алтынның улы буы…

                                   (мини повесть)                                                                           Бірінші тарау                            Баласын жоғалтқан қарт...       Алматы...

ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«ЗАҢ» Медиа-корпорациясы биыл тоғызыншы рет детектив шығармалар байқауын жариялап отыр.

ҚАРМАҚ

Көктемнің таңғы ауасы қандай ғажап. Астананың алты ай қыс...

ҚАРБЫЗ ДӘМІ

I ТАРАУ. СУЫТ ХАБАР Шілденің аптап ыстығы Шымкенттің тас жолын...