Петропавл әкімі отставкаға кетті

Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі қызметінен кетті. Қаланың бұрынғы басшысы отставкаға кеткені туралы Facebook-парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті», — деп жазды Болат Жұмабеков.

Болат Жұмабеков 2019 жылы сәуірде Петропавл әкімі болып тағайындалған болатын.

Болат Серікұлы Жұмабеков Көкшетау облысы Қуйбышев ауданының Қуйбышев ауылында 1972 жылдың 5-ші қарашасында дүниеге келген. Ол Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Агроном және заңгер.

Еңбек жолын 1995 жылы СҚО Тимирязев ауданында шаруашылық қожалығының агрономы қызметінен бастаған.

1999-2005 жылдар аралығында Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің төрағасы болған.

2005-2007 жылдарда СҚО Тимирязев ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.

2007-2009 жылдар аралығында Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарған.

2009 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО әкім аппаратының жетекшісі.    

2011 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2014-2018 жылдар аралығында СҚО Қызылжар ауданы әкімі қызметтерінде болды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...