12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пед-кәсіпкерлік және оқыту философиясы: мұғалімдерге арналған төртінші USTAZ HUB қалай өтті?

27 сәуір Астанада USTAZ HUB жобасы аясында мұғалімдер мен білім беру саласындағы мамандарға арналған тегін шеберлік сабақтары өтті. USTAZ PRO және QUNDYLYQ кәсіби білім беру орталықтарының әлеуметтік бастамасы бұл жолы 200-ге жуық мұғалімді жинады. 

Мұғалімдерге арналған тегін шеберлік сабақтары форматындағы бірегей жоба осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жоба спикерлері мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін түрлі тақырыптарды көтереді. Ұйымдастырушылар тақырыптардың өзектігіне, оларды мұғалімдердің тәжірибеде қолдана алуына және барлығына бірдей пайдалы болуына ерекше көңіл бөледі.

«Осы уақыт аралығында біздің жобаға мыңнан аса мұғалім қатысты. Әр USTAZ HUB сайын қатысуға ниетті адамдардың саны артып жатқанына қарамастан, үлкен аудитория жинауды мақсат етпейміз. Біз аз мұғалім жиналса да қуанамыз, өйткені әр ұстаз — білімді таратушы екенін білеміз және ертең біздің іс-шарадан алған білімді өз мектебіндегі, өз қаласындағы әріптестеріне, оқушыларға бөлісетініне сенімдіміз. Айта кетері, бір іс-шараны ұйымдастыру шамамен бір айға созылады және көп ресурсты, соның ішінде қаржыны да қажет етеді. Сондықтан еліміздегі мұғалімдердің және жалпы білім саласының дамуына үлес қосуға ниетті серіктестермен бірлесіп жұмыс жасауға әзірміз», — деп атап өтті жоба ұйымдастырушысы әрі кураторы Әсем Берік.

27 сәуірде өткен шеберлік сабақтарында қатысушылар педагогикалық кәсіпкерлік пен оқыту философиясы жайлы тың мағлұмматтармен танысып, мансапта қалай жоғарылауға болатынын білді. Бұдан бөлек спикерлер ойлау дизайнының мұғалімдерге қалай пайдалы болуы мүмкін екенін түсіндіріп, тәлімгер болудың жолын бөлісті. Сонымен қатар жас мұғалімдерге мектептегі алғашқы жұмыс жылын қалай сәтті өткеруге болатыны жайлы кеңестер берілді.

«Мұндай іс-шаралар мұғалімдер қауымы үшін өте маңызды, өйткені бейресми орта өзгеріске ашық, жаңалыққа құштар адамдармен бас қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа әдіc-тәсілдермен танысып, жаңа байланыстар орнатуға көмектеседі. Осылайша мектеп қабырғасында ғана емес, бүкіл Қазақстанға өзің жайлы айтып, тәжірибе бөлісуге жол ашады», — деп бөлісті Қостанай облысы Жітіқара ауданы №12 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алина Алимбаева.

«Білім берудің болашағы осындай форматтарда деп есептеймін. Меніңше, қазір семинар, конференция өткізудің орнына осындай іс-шаралар жөн сияқты. USTAZ HUB сынды іс-шаралар білім беріп қана қоймай, мотивация сыйлап, бір-бірімізбен байланыс орнатудың тамаша мүмкіндігі», — дейді Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Алия Сайранова.

Бұған дейінгі үш іс-шара Астана және Қарағанды қалаларында өтіп, 1000-нан астам мұғалімді жинаған болатын. Жобаның алдағы мақсаты бұдан да үлкен. Ұйымдастырушылар мұндай тегін шеберлік сабақтарын еліміздің әр қаласында жүйелі түрде өткізуге ниетті. Алдағы уақытта жоба аясында фактчекинг, қаржылық сауат, STEAM білім беру сияқты салалық шеберлік сабақтарын өткізу жоспарда.

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...

Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды

Абай облысында «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында сіздігі аралас мекемеде...