Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды. Зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ПД мәліметінше, 13 ақпанда сағат 16.20-да Ленинский — Ертіс — Русская Поляна тасжолында, Өтес ауылынан төрт шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды.

«Audi 100 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, Toyota Camri 20 көлігіне соқтығысты. Оқиға салдарынан Audi 100 көлігінің 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Осы көліктің жүргізушісі мен 2013 жылы туған жолаушы, сондай-ақ Toyota Camri көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицейлердің мәліметінше, көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен үш зардап шегушіні аман алып қалуға бар күшін салып жатыр. Үш науқастың да миы шайқалған және басқа да ауыр жарақаттар алған.

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді...

Нотариустар жасаған атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы дауларды қарау тәжірибесі

Нотариустың атқарушылық жазбасы – азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар...

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...