12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен МАҢЫЗЫ

«Мемлекеттілік институтын жаһандық қайта құру кезеңінде қоғам арасында пікірлердің плюрализміне деген сұраныс бұрын-соңды болмаған жоғары сұранысқа ие». Бұл жөнінде кеше Елордада Еуразиялық интеграция институтының ұйымдастыруымен өткен «Парламенттік сайлау: ерекшеліктері мен маңызы» атты сараптамалық кездесуде саясаттанушы Ерлан Саиров мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз Парламенттік сайлаудың жауапты кезеңіне аяқ басты.
Жиында негізінен Парламент сайлаудың ерекшеліктері мен рөлін сараптамалық талқылау, саяси партиялардың тұғырнамаларын талдау, ел азаматтарының саяси мәдениетін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу көзделген болатын. Сондықтан оған отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Басқосудан түйгеніміз бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасы бойынша саяси реформалардың бірінші пакеті енгізілді, оның шеңберінде митингілер туралы жаңа заң күшіне енді, 7 заңнамалық актіге өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Осы өзгерістердің барлығы – ел дамуының эволюциялық жолының белгілері. Мемлекеттілік институтын жаһандық қайта құру жағдайында елдегі басты мақсат тәуелсіздік пен мемлекеттілікті сақтау болуға тиіс. Барлық саяси процестер, соның ішінде сайлау процесі де қоғам мен азаматтардың мемлекеттік құндылықтар аясында шоғырлануы мен бірігуі төңірегінде жұмыс істеуі керек. Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарымның пікірінше, елдегі көп нәрсені өзгертуге және азаматтардың энергиясына, олардың іскерлік және саяси белсенділігіне сүйенетін шикізаттық емес экономиканың негіздерін жасауға бағытталған заңдарды қабылдауға ықпал ететін Мәжілісті сайлау қажет. Сонымен қатар, барлық реформалар әлемдік үрдістерді де, қоғамның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін де ескеруі керек. Осы ретте саясаттанушы Қазбек Майгелдинов сайлау кезеңіндегі саяси партиялардың іс-әрекеттеріне түсініктеме беріп, саяси партиялардың азаматтардың саяси мәдениетін дамытудағы мүмкіндіктерін бағалады.
Аталған іс-шараға «Қоғамдық пікір» ЗИ директоры, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты Ботагөз Рақышева; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Индира Рыстина; саясаттанушы Бауыржан Серікбаев; саяси консультант, PhD докторы Дина Айкенова, сондай-ақ басқа да сарапшылар, ғалымдар және блогерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.

В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ ШКОЛ

НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СЪЕЗДЕ УЧИТЕЛЕЙ В ОКТЯБРЕ 2023 ГОДА ПРЕЗИДЕНТ...

КАЧЕСТВЕННО И В СРОК

ОДНИМ ИЗ ПРИОРИТЕТОВ НАШЕЙ РЕСПУБЛИКИ ЯВЛЯЕТСЯ РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ, ОСОБЕННО...

ПРОФИЛАКТИКА И ПРОСВЕЩЕНИЕ

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...