Паралимпиада Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге 5-інші болып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Герлиц мәреге алғашқы болып жеткен қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды.

Айта кетейік, бүгін шаңғымен жекелей жарыстардың соңғы күні. Чжанцзякоу елді мекенінде әйелдер және ерлер арасында медальдардың 6 жиынтығы сарапқа салынады.

Аздаған уақыттан соң қазақстандық спортшылар Ербол Хамитов, Юрий Березин, Денис Петренко және Сергей Усольцев шаңғымен еркін стильде отырып жарысудан финалдық кезеңге қатысады (басталуы сағат 10:30-да).

Бүгін 5 қазақстандық сайысқа түсетінін хабарлаған болатынбыз.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....