Қостанай облысында өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендерге көмек облыс әкімлігінің резервінен көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл, ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1800 адам эвакуацияланды. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтады. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады”, – делінген хабарламада.

Аймақ басшысы хабарлағандай, зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

“Бүгін 108 ғимарат зардап шекті, оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Қазір басты міндет — өртті толығымен ауыздықтау. Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес шет қалмайды және зардап шеккендерге барлық жағынан көмектеседі. Жақын күндері жұртшылық барлық азаматтар қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр”, – деп қосты баспасөз қызметі. 

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...