12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Орталықтың тәжірибесі ТМД елдеріне үлгі

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік копрорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы өткен жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап арнайы брифинг өткізді. Іс-шараға филиал директоры Данияр Қырықбаев, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, меценат, Алматыдағы №6 мамандандырылғын ХҚО-ны халық игілігіне ұсынушы Жақсылық Үшкемпіров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Сайран Баяндинова қатысты.

Данияр Қырықбаевтың айтуынша, 2019 жыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалы үшін жемісті болды. Филиал тағы бірнеше фронт-кеңсемен толықты. Соның бірі – Алмалы ауданында көпшіліктің сұрауы бойынша ашылған, өз-өзіне қызмет көрсету секторы трансформацияланған фронт-кеңсе. Жаңа кеңсенің басқалардан ерекшелігі — компьютерлер үстелде эллипс түрінде орналастырылған, ал консультанттар оның ішінде жұмыс істейді, оны шартты түрде «қанатты Connection Point» деп атайды. Бұл схема оларға компьютерден компьютерге кедергісіз қозғалуға және адамдардың көбіне көмектесуге мүмкіндік береді. Мұндай қағидат бойынша қызмет көрсету секторын трансформациялау барлық ХҚО-ларда жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алматыда тағы да екі Мамандандырылған ХҚО іске қосылды. Жетісу ауданында орналасқан №6 МХҚО-ны автокөлік иелеріне меценат, даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров сыйға тартты. 2019 жылғы 10 қыркүйекте іске қосылған орталық жыл соңына дейін 8349 өтінім қабылдап, 7084 көлік құралын тіркеп, 663 жүргізуші куәлігін берді. Электрондық үкімет порталы арқылы 344 өтінім ресімделді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» халық игілігі үшін көрсетіп отырған қызметін қолдаушылар саны артып жатқаны қуантады. Даңқты спортшы Жақсылық Әмірәліұлының осындай игі ісі көпке үлгі. Жомарт жүректі ағамыз енді мұнда автодром салуда…

Цифрлық қызметтерді насихаттау жұмысын да қала тұрғындары қолдауда. Үлкен компаниялар, ұйымдар мен мекемелер, ЖОО, колледждер басшылары, танымал тұлғалар цифрлық қызметтерді өздері үйреніп, әрі қарай өзгелерге үйретуді жалғастыруда. Еліміздің цифрлану деңгейі қанша мобильдік қосымшалардың бар-жоғына немесе қанша қызмет электрондық форматқа көшірілгеніне ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтардың қаншалықты цифрлық сауатты болғанына да байланысты. Сондықтан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы өз қызметін тұрғындардың цифрлық дағдыларын арттыру жұмыстарымен байланыстырып жүргізуде. Бұл бағытта 2019 жылдың 12 айында 1,5 миллионнан аса адамды қамтыған 800-ге жуық шаралар ұйымдастырылды.

Филиалдың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден бастау алған «Цифрлан, трендте бол!» акциясы арқылы Алматы қаласының мекемелері мен ұйымдарында, сауда орталықтарында, ЖОО-лар мен колледждерде, мектептерде 342 ақпараттық-түсіндіру шаралары, 284 лекция, 56 семинар өткізілді, 10-ға жуық мекеме мен оқу орындарында цифрлық қызмет алу бұрыштары ашылды.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram және Mgov қосымшаларын орнатуға көмектеседі, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді. Қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтің 25 түрі, mGov.kz мобильді қосымшасы арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. салаларында 90-ға жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2019 жылдың 12 айы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы көрсеткен 3 992 218 қызметтің 1 281 597-і электрондық форматта болды. «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 2 999 808 қызмет алынып, 2 851 437 консультация берілді. Осылайша, өткен жылмен (1588502қызмет) салыстырғанда өз бетінше қызмет алатындар саны 88,9% — ға артты.

Қазіргі уақытта тізілімде бар 723 мемлекеттік қызметтің 580-і электрондық форматта қолжетімді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 648 мемлекеттік қызмет қолжетімді десек, оның ішінде филиалдың фронт-кеңселері мен бэк-кеңселерінің көрсетіп отырған қызметтерін айта аламыз.

Алматы қаласындағы Мамандандырылған ХҚО-лар өткен жылы 799 819 (КҚТ -665 262, ЖК -106 060) қызмет көрсетсе, Миграциялық ХҚО бөлімі 173 583 қызмет көрсетті. Оның 113 021-і уақытша, 60 562-і еңбек шарты бойынша тіркелген шетелдіктер болды. Орталықтың жұмыс тәжірибесі ТМД елдеріне үлгі болуда. Сонымен қатар, өткен жылы әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу бағыты бойынша 250 052, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша — 486 469, жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу желісі бойынша 38 799, жер кадастры желісі бойынша 22 286 қызмет көрсетілгенін атап өткеніміз жөн.

Орталық қазір «Қалтадағы ХҚО» қағидаты бойынша әрекет етедң. Яғни, халықты «цифрландырады», ең бастысы, мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседе.

Нұрлан Шынтаев

Закон есть, а контроля нет

Депутат фракции «AMANAT» Нартай Сарсенгалиев направил на имя Премьер-Министра...

Принятие эпохального закона 

Фото из книги Салыка Зиманова «Конституция и Парламент РК», издательство «Жеті жарғы», 1996 год

Цена экономической независимости

Предлагаем вниманию читателей продолжение интервью с доктором экономических наук,...

 Уважаемые читатели и коллеги! 

От имени Союза судей Республики Казахстан поздравляю вас с...

Опасные игры

Медики говорят, что болезнь легче предупредить, нежели лечить. Так...