12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҚСАТ АЙҚЫН

2020 ЖЫЛДЫҢ 23 ҚАЗАНЫНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІНДЕ СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ, ОРТАЛЫҚ КЕҢЕС ПЕН СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ. СУДЬЯЛАР СЪЕЗІНДЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІМЕН, ОЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІМЕН, ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЕН, СОТ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ БІРЕГЕЙЛІГІМЕН, СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІ МОДЕЛІМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНДІГІ АЙРЫҚША АЙТЫЛДЫ.

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысты одақ төрағасы С.Абдолла жүргізді. «ҚР Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі жарғысының 5.7 және 5.8-тармағына сәйкес, ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесінің қызметін кеңес мүшелері қатарынан сайланатын Орталық кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Хатшының уәкілеттігіне қоғамдық бірлестік жұмысын ұйымдастыруға, ұйым бюджетін қалыптастыруға жəне бөлуге байланысты барлық ағымдағы мәселелерді шешу кіреді. Бұл лауазымға үміткер ретінде Орталық кеңес мүшелері тәжірибесі мен кәсібилігін ескере отырып, доғарыстағы судья Ташетов Отан Мейрамханұлының кандидатурасын бірауыздан қолдап, ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесінің хатшысы ретінде бекітті. Орталық кеңес өз мүшелерінің арасында өкілеттіктерді бөліп беруді талқылап, бұл мəселені толығырақ қамту үшін жекелеген өңірлерде жауапты тұлғаларды тағайындады. Соның ішінде, С.Абдолла ұсынғандай, кеңестің әр мүшесі қоғамдастықтың орталық органының жауапты тұлғасы ретінде тиісті өңірлерде қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты туындайтын барлық мәселелерді шешу үшін алтын көпір болады. Сонымен Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Б.Кәрібжанов, Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша Г.Мыңбатыров, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Б.Елемесов, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша А.Ан, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша А.Есімова, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Әскери сот бойынша А.Жүнісбеков тағайындалды. Орталық кеңес отырысының күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі VIII съездің шешімдерін жүзеге асыру үшін іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу мен орындау болды. С.Абдолла атап өткендей, қазіргі таңда форумда айтылған, сондай-ақ ұйымдастырушыларға жолданған пікірлер, ұсыныстар, ескертулерді талдап, қорыту бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жүргізілуде. Бұл мақсатта Судьялар одағының Орталық кеңесі Жоғарғы Сотпен бірлесе отырып, іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеп жатыр. Облыстарда 19 жұмыс тобы құрылып, басшылардың кандидатуралары бекітілді. Орталық кеңес тарапынан жұмыс тобын О.Ташетов басқаратын болды.

VIII съезден кейін аз уақыт өткеніне қарамастан, Орталық кеңес пен өңірлердегі жұмыс топтары бұл бағыттағы жұмысты бастап та кетті. Судьялардан түскен ұсыныстарды талдап, қорытқан соң, нақты жүзеге асыру алгоритміне негізделген бірегей жоспар жасалады. Сәкен Жүсіпахметұлы өз сөзінде күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша былай деді: «съезде айтылған ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, бізге 2021–2024 жылдарға арналған іс шаралардың кешенді жоспарын жүзеге асыру шаралары енгізілген бағдарламаны әзірлеу қажет. Судьялар одағы төрағасының, Орталық кеңес, судьялар қауымдастығының жұмыс органдары мен олардың филиалдары мүшелерінің судьялар қауымдастығы алдында атқарылған жұмысы туралы тұрақты есеп беру жұмысын жолға қою қажет. Бұл мәліметтер кезекті съезд алдында жинақталатын болады. Осыған байланысты Орталық кеңестің әр мүшесі тоқсанына бір рет өзіне бекітілген өңірлер бойынша істелген жұмысы жөнінде есеп беріп тұрады. Орталық кеңес мәселелерді бірге жұмыла талқылауға және оларды жою бойынша шешім қабылдауға әрқашан дайын. Азаматтық және судьялар қоғамдастығымен байланыс, кері байланыс орнату үшін Судьялар одағының веб-сайтының ақпараттық әлеуеті жандандырылады. Бүгінгі таңда судьялар қауымдастығы мен оның қоғамдық бірлестігінің қызметін ұйымдастыруда көптеген пікірлер айтылуда, алайда, өкінішке орай, оларды шешу бойынша пікірлер, соның ішінде сыни көзқарастар көп жағдайда сындарлы ұсыныстармен дәлелденбеген. Судьялар əдебі жөніндегі комиссия жұмысына қатысты жеке судьялардың шағымдары мен үндеулерін ескере отырып, әр жағдайда барлық деректер мен негіздемелердің тексерілген-тексерілмегендігіне мониторинг пен түбегейлі талдау жүргізу қажет. Судьялар мен сот басшылықтарының пікірлері қарама-қайшы болған жағдайда, бұл комиссиялар жазалау органына айналмауы тиіс. Судьялар əдебі жөніндегі комиссияның хаттамалық шешіміне шағымды қарастырғаннан және өндіріс аяқталғаннан кейін мұндай деректер анықталған жағдайда, шешім қабылдау үшін Орталық кеңес Судьялар əдебі жөніндегі комиссия төрағасының, облыстық сот төрағасының және ҚР Жоғарғы Соты төрағасының атына тиісті хаттар жолдайды. «Судьялар жəне судьялар мәртебесі туралы» заң мен Судьялар əдебі кодексіне түзетулер енгізу қажеттігі туындаса, онда бастама көтеріп, оларды қабылдау керек. Бұл, әсіресе, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін маңызды. Егер судья Судьялар
одағының мүшесі болмаса, онда оны Судьялар əдебі кодексін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға болмайды деген пікір қалыптасқан. Аталған мәселе «Судьялар жəне судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заңды пысықтауды және оған өзгертулер мен түзетулер енгізуді қажет етеді. Тиімді алдын алу шараларын қабылдау үшін Орталық кеңес мүшелері
судьялар əдебі жөніндегі комиссиялармен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Озық шетелдік тәжірибе мен практиканы зерттеу үшін семинарлар, дөңгелек үстел аясындағы кездесулер өткізуге бастама көтеру көп пайдасын тигізер еді.
Орталық кеңес отырысында 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, Орталық кеңес аппаратының қызметін ұйымдастыру, филиалдар төрағаларының жұмыстарын жандандыру, олардың бір жылда атқарған жұмысы бойынша жазбаша есеп бере отырып, Орталық кеңес алдында мерзімді есеп беруі, филиал қызметіне және Судьялар əдебі кодексінің бұзылуы бойынша істердің жай-күйлеріне қарай судьялар əдебі жөніндегі комиссия төрағаларын тыңдау бойынша ұсыныстар талқыланды. Орталық кеңес басқа да ағымдағы мәселелерді қарастырды және оны талқылау кезінде Орталық кеңес мүшелері – О.Ташетов, А.Ан, В.Борисов, Б.Елемесов, А.Есімова, А.Жүнісбеков, Б.Кәрібжанов, Г.Мыңбатыровтар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Барлық талқыланған мәселелерге байланысты тиісті қаулылар қабылданды. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге бойынша әңгіме ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың VIII Судьялар съезінде сайланған ҚР Судьялар одағы Орталық кеңесінің мүшелерімен кездесуінде жалғасын тапты. Жоғарғы Сот төрағасы елдің сот қауымдастығының басқарушы органына сайланған әр судьяны құттықтап, жаңа жауапты қызметінде – қоғамдық бірлестіктегі судьялардың мүдделерін орындауда сәттілік тіледі. Өткен съезд қорытындысы туралы айта келе, Ж.Асанов сот жүйесінің қазіргі күнгі өзекті мәселелері мен қажет ететін өзгерістеріне де жеке тоқталды. Сот өндірісін мақсатты оңтайландыру нәтижесінде байқалған соттардағы қызмет көлемінің қысқаруы мен татуластыру рәсімдерін енгізуге ерекше көңіл бөлінді.
– Азаматтық істер бойынша 2020 жылы 400 000 іс қаралды, 3 жыл бұрын бұл көрсеткіш 904 000 істі құраған. Осылайша, біз жиырма жыл бұрынғы көрсеткішке оралдық – 2001 жылы 400 000 азаматтық іс болған. Қысқару тек істер ғана емес, материалдар бойынша да жүріп жатыр, соңғы жылдары олардың саны 5,6 есе азайды. 2017 жылы соттарда 55 000 қылмыстық іс қаралған болса, ал биыл 36 000 іс қаралды. Әкімшілік істер бойынша 2017 жылы 340 000 іс қаралса,2020 жылы, болжам бойынша, көп дегенде 270 000 іс қаралмақ. Ағымдағы жылы шамамен салыстырмалы түрде айтар болсақ, 700 мыңдай іс аяқталады, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 1 300 000 іс тіркелген болатын. Бұл қысқару кездейсоқ емес. Барлық артық және қауырт рәсімдерден бас тарту бойынша қабылданған шаралардың дұрыстығын көрсеткен тынымсыз жұмыс нәтижесінің жемісі. Бұл үрдіске соттың істі қарау барысын тездететін татуластыру кезеңін азаматтық процеске енгізу өз әсерін тигізіп отыр. Қыркүйек айында жүргізілген талдау талап арыздардың 40%-ы татуласумен аяқталатынын көрсетті. Және бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беру қажет, – деді Ж.Асанов. Осыған байланысты әлемдік ұқсас санаттармен салыстырғанда бізде әлдеқайда төмен болып келетін даулардың жекелеген санаттарындағы мемлекеттік баж салығын арттыру бойынша ұсыныстар негізді және соттасудың шындап келгенде өте қымбат екенін және дауды татуласумен аяқтау әлдеқайда тиімдірек екенін түсіне бастады. Сонымен қатар бизнес субъектілеріне, соның ішінде халықаралық компаниялармен коммерциялық дауы бар тараптарға «Астана» халықаралық қаржы орталығына жəне Халықаралық төрелік сотқа жүгіну құқығын түсіндіру өзекті болып қала береді.
2021 жылдан бастап полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты белгілейтін, прокуратураның қылмыстық істер бойынша өзекті шешімдер қабылдауда жауапкершілігін арттыратын және процестерге қатысу үшін егжей-тегжейлі дайындалуда сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу ерекшеліктері талқыланды. Судьяларды таңдауда жаңаша көзқарастардың оң нәтижелерін беріп жатқандығы атап өтілді. Сот жүктемесін азайту үшін одан әрі қарай сот өндірісін жеңілдету, қызметтердің бір бөлігін тиісті органдарға беру бойынша барлық резервтер мен мүмкіндіктер қолданылатын болады. Болашақтың технологияларына, әсіресе, әділ сот төрелігін жасанды сана арқылы жүзеге асыруға дайын болу керек. Біртектес азаматтық істерді, эксаймақтық сот құзыретін, т.б. қарастыру форматы жөнінде көп жұмыстану қажет. Кездесу қатысушылары ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынған кадрлық шешімдерді қабылдауды әлдеқайда тездетуге мүмкіндік беретін аудандық сот төрағалары мен алқа төрағаларын сайлау мен тағайындау тетігін талқылады. Жақып Асанов сот жүйесінің қызметі, судьялар қауымдастығының мүдделеріне, судьялар мәртебесін арттыру мен олардың тәуелсіздігін нығайтуға, сот өндірісі мен сот құрылысын жетілдіруге қатысты көптеген мәселелерде судьялар қауымдастығының өзін-өзі басқару органдары маңызды рөл атқаруы тиіс екендігін атап өтті. Өзекті міндеттер арасында қарым-қатынасты жолға қою, ақпараттық кеңістікті үнемі шолып отыру, судьялар əдебі жөніндегі комиссиялармен жұмыс істеуде Орталық кеңес өкілдері мен Судьялар одағы филиалдарының жұмысын жандандыру да атап өтілді.
Съезден кейін басталған жұмыс Орталық кеңес мүшелері арасында өкілеттіктерін бөліп беру, Жоғарғы Сотпен ынтымақтасу бойынша жоспарлары туралы хабардар еткен ҚР Судьялар одағының төрағасы С.Абдолла – судьялардың қоғамдық бірлестігі органдары алдында тұрған міндеттері бойынша көзқарасымен бөлісті. 2021–2024 жылдарға арналған бағдарламаны жасау жəне Мемлекет басшысы мен судьялардың VIII съезінің тапсырмаларын іске асыруда іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша тиісті шаралар қолға алынуда. Ұсыныстарды зерттеу және жинақтау үшін өңірлерде жұмыс топтары құрылды. Судья əдебі нормаларының бұзылуының алдын алу тұрғысында Судьялар əдебі жөніндегі комиссиялармен, филиалдармен, облыстық және аудандық сот төрағаларымен және тікелей судьялармен бірлесе жұмыс істеу көзделуде. Бұл Орталық кеңестің әр өңірге жауапты мүшелеріне негізделген шешім қабылдауға, соның ішінде соттарға қысым көрсету деректері бойынша шешім шығаруға мүмкіндік береді. Кездесу Жоғарғы Соттың да, Судьялар одағының да ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендерін көрсетті.
Əсем СƏКЕНОВА 

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...