12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОРМАНШЫНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ЖАНЫ ҮНДЕС

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалының директоры Көшпай Бұқанов қырық жылдан астам уақыт орман шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Ол өзіне бала кезінен жақсы таныс мамандықты таңдады, өйткені біздің кейіпкеріміздің ата-анасы да орманшы болған, олар өмір бойы орманды дамытуға жұмыс істеді.

Көшпай Әбілқайырұлы еңбек жолын орман шаруашылығының қарапайым қызметкерінен бастап, басшыға дейін өз күшімен көтерілді. Бүгінгі таңда ол әріптестері арасында үлкен құрмет пен беделге ие. Үлгілі басшы бүгінде жинақтаған білімі мен тәжірибесін жас әріптестерімен бөлісіп жүреді. Көп жылдар ішінде ол Зеренді орман алқаптарын зерттеп, оларды өзінің бес саусағындай біледі. Кейіпкеріміз осы мамандықты неге таңдағанын, өзінің еңбек жолы мен жұмысқа деген көзқарасы туралы былай дейді.

– Мен 1964 жылы Зеренді ауданында, «Малиновое» орман кордонында, орманшылар әулетінде тудым. 1981 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін сол лесхозға жұмысшы ретінде қабылданып, сол кезеңде менің орманмен байланысты бүкіл еңбек жолым басталды. Әрі қарай, 1982 жылы Қарулы күштер қатарына шақырылдым, 1984 жылы әскерден оралғаннан кейін Зеренді орман шаруашылығына орманшы ретінде қабылданып, бұл қызметте 1993 жылға дейін жұмыс істедім. 2007 жылы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Орман және орман-саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша «Инженер» біліктілігін алдым, – дейді Көшпай Әбілқайыр ұлы. Кейіпкеріміз 1993 жылы жұмыстағы жетістіктері үшін орман шебері лауазымына ауыстырылды, бұл қызметте 1996 жылға дейін жұмыс істеді. 1997 жылы орман өсіру инженері болды. 2003 жылы орманды қорғау инженері лауазымын алды. 2010 жылы Зеренді филиалы директорының орынбасары болып ауыстырылды. 2013 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының директоры болып тағайындалды. Осынау күрделі мамандықты таңдауына ата-анасы тікелей әсер еткен. Әкесі Әбілқайыр Боқанұлы Бұқанов майданнан оралғаннан кейін Зеренді орман шаруашылығына орманшы ретінде жұмысқа кіріп, осы қызметте 40 жылдан астам жұмыс істепті. Анасы Бұқанова Күлшай Әбенқызы орман шаруашылығындағы орман дақылдарының небір түрлерін бағып, өсірді. Бала кезінен ол орман атмосферасында өсіп, ата-анасының табиғатқа қандай сүйіспеншілікпен қарағанын көрді, олардың орман заңдарын қалай құрметтейтіні де көз алдында.

– Сондықтан мен үшін бұл саладағы ең маңызды нәрсе – өз жұмысымды, орманды және табиғатты сүю. Мектепте оқып жүргенде де әкем мені орманға апарып, орманшының жұмысын түсіндіріп, көрсететін. Жоғары сыныптарда мен мектеп орманшылығында болдым. Осы кезден бастап болашақ мамандығымды таңдадым. Орман керемет, таза ауа, табиғат. Мен орманда болған кезде тынышпын. Оның жүйке жүйесіне және жалпы денеге, әсіресе көктемде пайдалы екенін, көңіл күйге жақсы әсер ететінін сеземін. Әрқашан орманға және мені қоршап тұрған барлық нәрсеге орман қорғаушысының көзқарасымен қараймын. Мен қоқысқа назар аударамын, егер адамның қоқыс тастайтынын немесе дұрыс емес жер де от жағып жатқанын көрсем, дереу ескерту жасаймын. Ешқашан жасаған таңдауыма өкінбедім. Өз жұмысымды жақсы көремін, әрі қарай да еңбектене беруге дайынмын, – дейді Көшпай Әбілқайырұлы. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ филиалының міндеттеріне келетін болсақ, ормандарды өрттен қорғап, қалпына келтіріп, жасыл желек өсіруге, аумақты көгалдандыруға, туризм мен демалысты ұйымдастыруға бағытталған. Филиал флора мен фаунаны бақылайды. Жыл сайын табиғи кешендерге, ауа райына бақылау жүргізіледі. Филиал Зеренді курорттық аймағында орналасқан, бірегей Зеренді көлінің оңтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында кең аумақты алып жатыр. Филиалдың жалпы ауданы 36625 га, онда Грибновское, Зеренді және Жыланды үш орманшылық біріктірілген. Кеңсесі Красный Кордон ауылында орналасқан. Зеренді аймағындағы орман шаруашылығын басқару тарихында алғаш 1898 жылы Зеренді орманшылығы ұйымдастырудан бастау алған. Сол кезде Красный Кордон ауылында кеңсе сарайы салынды, осы уақытқа дейін сақталған, республикада осындай екі ғимарат қалды.

– Жұмыста ең маңызды шарт – өз кәсібімді шын жүректен сүю және құрметтеу, өйткені бұл бір кездері мен өзім жасаған таңдауым. Сондай-ақ, менің ойымша, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Туындайтын қиындықтарды қабылдай білу де маңызды. Бұрынғы қателіктерді ескеріп, болашақта оларға жол бермеуге ұмтылған дұрыс. Жалпы, менің ойымша, жауапкершілік, өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілік және жұмысты жақсарту үшін болашаққа жоспар құра білу керек. Қызмет кестесін ұтымды жоспарлау өте маңызды, әрине, біздің жұмысымыз оңай емес, біз жиі сыртта жүреміз, төтенше жағдайлар болады, бірақ менің отбасым жұмысыма түсіністікпен қарайды. Мүмкіндік болған сәтте мен жақын адамдарыммен уақыт өткіземін. Кейде, мысалы, демалушылар немесе туристер арасында темекі тұқылын лақтырып не орманда қоқыс тастайтындар болады. Бұл бағытта әріптестеріммен кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осындай жағдайларды барынша азайтуға тырысамыз. Сондай-ақ, табиғи фактор болжанбайтын құбылыстардың бірі, сондықтан біз Зеренді орман алқабын күзетуде кез келген уақытта түрлі жағдайларға дайын болуымыз керек. Эко мәдениет жыл сайын өсіп келеді, адамдар сәл де болса табиғатқа жауапкершілікпен қарай бастады, табиғатта қауіпсіздік пен тазалық ережелерін сақтайды, бірақ, өкінішке орай, олармен қатар зиянкестер, яғни біздің орманға зиян келтіретіндер де бар, – деді Көшпай Әбілқайырұлы.

Бақыт Жұмабай

В Астане открылась Аллея вечной дружбы Казахстана и России

28 мая 2025 года в Астане состоялась торжественная церемония...

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ерекше психологиялық тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде өзгеше форматтағы...

Ана тілім — мақтанышым

Мемлекеттік тіл - елдің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын,...

Засовершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...