Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

  Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны азамат А.-ның жасы кәмелетке толмаған баласы Н. рұқсатсыз өзінің әкесіне тиесілі «Toyota-Camry» маркалы көлік құралын көлік жүргізугі құқығы жоқ тұлға бола отырып жүргізген, яғни мұнысымен әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекет жасаған. Өз кезегінде Н.-нің жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азамат А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта А.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді. Сот қаулысымен азамат А. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшлік жаза ретінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштің 70% мөлшерінде, яғни  55 048 (елу бес мың қырық сегіз) теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...