Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

Оралда есірткі таратқан 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Биыл 2 наурызда Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар «өз қызметін» Telegram арқылы жүргізген.

«Аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...