12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өскемен жаңа жұмыс кестесіне көшті

Өскеменнің мекемелері де жаңа жұмыс кестесіне көшті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 наурыздан бастап облыс орталығында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қалалық әкімдікте өткен отырыста мәлімдеді.Енді өскемендіктердің көпшілігі үшін жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Бұл өзгеріс Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарында тиімділігін көрсеткен.

«Отырысқа қаланың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар бұл бастаманы қолдап, жұмыс күні ерте басталуы уақытты тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретінін айтты», — деді ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілі.

Еске салайық, былтыр 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Алайда 7 маусымда уақытты қайта өзгертуге қатысты петиция басталып, 50 мыңнан аса қол жиналғанымен, ол қабылданбады.

2025 жылғы қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс уақытына көшті.

Жуырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның барлық ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін, бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

5 шілдеден бастап заңсыз ағаш немесе бұта кескендерге айыппұл салынады

5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

Неке тіркеу статистикасы: қай ай көш бастап тұр?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, бұл айда 16,9 мың неке қиылған.

Алматыда қандала неге қаптап кетті? Маман түсіндірді

Алматыда жөке (ағаш) қандалаларының жаппай таралуына қарсы жүйелі түрде биологиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қытай толассыз жауын-шашынға байланысты тағы ескерту жариялады

Қытайда толассыз жауын-шашын салдарынан болған жойқын су тасқындарынан кейін тағы ескерту жарияланды.

Оплот Независимости и гарант развития страны

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА – ВЕРХОВНЫЙ ГЛАВНОКОМАНДУЮЩИЙ ВООРУЖЕННЫМИ СИЛАМИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ XI МЕЖДУНАРОДНОГО ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО СБОРА МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН».