12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨНЕРКӘСІП – ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРІ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде: «Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өңірдің негізгі драйвері болуы тиіс», – деді. Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау туралы айтқан кезде, «Кең дала» бағдарламасының шарттарының өзгеруіне назар аударды. Енді ақша субсидияларды ресімдеу қажеттілігінсіз жылдық 5 пайызбен берілетінін, сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қарыздарды 85 пайызға дейін сақтандыру көзделгенін атап өтті. Облыстық әкімдіктің мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың қаңтар-желтоқан айларында Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 741 564,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 371 057,2 млн теңге, мал шаруашылығы – 369 976,8 млн. теңге. Облыста барлығы 9361 агроқұрылым бар, оның ішінде заңды тұлғалар – 1923, жеке кәсіпкерлер – 695, шаруа қожалықтары – 6743. Ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 83,9 млрд теңгені немесе, 2022 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 81,2 пайызды құрады. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіне 9,1 млрд теңгені құрады немесе, 2022 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда, 36,2 пайызды құрады. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде 322,8 млн АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 84,8 пайызды құрады. Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 26,8 пайыз. Субсидиялау түріндегі агроөнеркәсіп кешені саласын мемлекеттік қолдау көлемі 55,9 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға – 14,6 млрд. теңге (пестицидтерге – 9 603,7 млн теңге, тыңайтқыштарға – 3 671,4 млн теңге, тұқым шаруашылығына – 1 117,5 млн. теңге, азықтүлік астығына – 240,6 млн теңге); мал шаруашылығын субсидиялауға 12,8 млрд теңге; қаржы құралдарына 26,6 млрд теңге (инвестициялық салынымдарға 16 627,7 млн теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге 9 985 млн. теңге); өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға 1,8 млрд теңге. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында АШТӨ барлығы 70,2 млрд теңгеге 2195 бірлік техника сатып алды (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 73,9 млрд теңгеге – 1909 бірлік). Оның ішінде 25,6 млрд теңгеге 224 астық жинау комбайны, 17 млрд теңгеге 349 трактор, 1,4 млрд теңгеге 441 тұқым сепкіш, 6,2 млрд теңгеге 53 егіс кешенін, 20 млрд теңгеге 1128 өзге де техникалар сатып алынды. Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеудің жай-күйіне көз жүгіртер болсақ, былтыр жылдық өндірістік қуаттылық ет өңдейтін 15 кәсіпорында 122,8 мың тонна; сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорында 141,5 мың тонна; 36 ұн тартатын диірменде 794,8 мың тонна; майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорында 101,4 мың тонна болды. Соның нәтижесінде 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 223,2 млрд теңгенің азық-түлігі өндірілді. Бұл, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 106,8 пайызды құрады. Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында ет өңдеу саласы 49 пайызды, сүт өнімдерін өңдеу 15 пайызды, астық өңдеу 10 пайызды, нан мен нан-тоқаш өнімдері 2 пайызды, ал өзге салалар 24 пайызды құрады. Ет өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар, 2022 жылмен салыстырғанда, 93,2 мың тонна ет өндірді, бұл 15,4 пайызға артық, шұжық өнімдерін өндіру 3 мың тоннаны құрады, яғни 21,6 пайызға төмендеді. Өңделген сүт өндірісінің көлемі 96,4 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 14,2 пайызға өсті, сары май 2,3 мың тоннаны құрады немесе 25,9 пайызға өсті, ірімшік және сүзбе 1,7 мың тоннаны құрады немесе 31,8 пайызға өсті, 7,6 мың тонна ашымал сүт өнімдері өндірілді немесе 5,8 пайызға өсті. Өндірілген өсімдік майының көлемі 51,7 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 55,5 пайызға өсті. Өндірілген ұсақ тартылған ұнның көлемі 191,5 мың тоннаны құрады немесе, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 16,9 пайызға төмендеді.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

 «Халықаралық Нельсон Мандела»  күніне орай жазалы жасөпірімдерге дәріс өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Конкурс лучшей психологической стенгазеты прошел в колонии смешанной безопасности г. Семей

В колонии смешанной безопасности г. Семей среди осужденных отбывающих...

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...